profile
Размещено 3 года назад по предмету Қазақ тiлi от lerochka3478

Жазылым
Тірек сөздерді пайдаланып, «Астана- еліміздің мақтанышы» деген
тақырыпта шағын мәтін құрап жазыңыз. 5 ұпай.
Тірек сөздер: елорда, тәуелсіздік, мәдени, резиденция, салтанат қақпасы,
сәулет, жасампаздық, т.б.

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан goooodgiiiiirllll

    Ответ:

    Астана – еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала.  Еліміздің символына айналған әсем мұнара Бәйтерек тұрғындарға сүйеніш, қорған, пана болып тұрғандай. Гүлденген Астанамыз – тәуелсіз еліміздің мақтанышы. 1998 жылы 6 мамырда еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды.

    Сол кезден бастап, Астана құлпырып өсе бастады. Әрі осында әлемдік көлемдегі алқалы жиындар өтіп жүр. Оларда адамзаттың түйткілді мәселелері сөз болады. Астана дегенде Елбасы – Н.Ә. Назарбаевты айтпай кете алмаймыз. Қаланы  қалыптастыруда Мемлекет басшысының рөлі өте зор. Шаһардың тез арада тамсанарлықтай бой көтеруі – Президенттің жанашырлығының, әрі тікелей бақылауының арқасында.  Астанада  EXPO 2017 халықаралық көрмесі өтіп, біздің елімізді бүкіл әлемге паш етті.  Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір, Елбасы бастаған астанамыз – болашаққа бағдар. Астанада Ұлттық академиялық кітапхана, Қазақстан орталық концерт залы, «Астана опера», мемлекеттік опера және балет театры, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы сынды және тағы да басқа көптеген мәдени ошақтар пайда болды. Бүгінде аталған нысандар Астананың мәдени орталыққа айналуына бірден-бір себепкер болғанын көпшілік көріп, біліп отыр.

    Оған менің де көзім жетті, өйткені биыл қысқы демалыста Астананы аралап, таң-тамаша болдым. Жаңа Астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынған. Қаланың әсемдігіне қарап көзім тоймады, Бәйтерек,  Ханшатырды,  Пирамида, музейлерді араладым. Шетелдердегі қалалар секілді. Халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері көз тартады. Мен енді жазда да барғым келеді. Себебі көкемнен естіген қызыл-жасылды гүлдерді, жан-жағынан салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандарды көргім келеді. Бұл күнде Астананы дүниежүзі біледі десек, артық айтпаймыз.Отанымызды бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан көру үшін мен де өскенде өз үлесімді қосқым келеді. Ол үшін жан-жақты білім мен тәрбие алып, келекшекте халқыма пайдам тиетін бір мамандық иесі болуға тырысамын. Отанымның даңқын одан ары арттыруға қолдан келген үлесімді қосамын деп ойлаймын. Ел жүрегі – Астана, мен сені жақсы көремін!

    Объяснение:

    болама?

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.