Размещено 4 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от anastasiya200923
переведите текст Балқаш — Қазақстандағы ең ірі келдердің бірі. Ол алғашқы дәуірдегі Пятис деген теңіздің қалдығы болып есептеледі. Кел Сарыарқа мен Сарыесік кумдарының аралығында орналасқан. Соңғы кезде Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ге темендеген. Қазіргі Балқаштың ұзындығы 614 км, ең терең жері – 26,5 м. Балқаш көне түркі тілінде «балшық», «балық» деген мағынаны білдірген. Суының деңгейі бірде көбейіп, бірде азайып отырады. Ұзынарал бұғазы Сарыесік пен Балқашты байланыс- тырады. Соның нәтижесінде көлдің батысында су - тұщы, ал шығысында ащы. Келге негізгі суды Іле өзені құяды. Іле өзенінің ұзындығы 2 385 км. Іле өзенінің басы Қытайдың Текес және Күнгес өзендерінің қосылатын жерінен басталады. Іле өзенінің Қазақстандағы ұзындығы 740 км. Іле Жетісу аймағындағы ең ірі өзендердің бірі. «Іле» сөзі моңғол тілін- дегi «ил, илэ» деген сөзге жақын, яғни «ашық, айқын» дегенді білдіреді. Іле өзенінің Балқашқа құяр жеріндегі тоғайлы-батпақты жерлер мемлекеттің қорғауына алынды. Мұнда балықтың сазан, көксерке, ақбалық, ақмарқа т. б. 12 түрі кездеседі.