profile
Размещено 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от timanuralmaz

Жазылым 1. Өлеңдегі етістіктерді қолдана отырып, өзінің туған жерін туралы шағын эссе жазыңыз. ( 60-70 сөз) Туған өлкем! Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! Алтын дәнді даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! Түлігі өскен алуан - алуан, Төс, алқабы малға толған. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! Ер еңбегі шалқып, тасқан, Ел еркіндеп бақыт тапқан. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! (Ө.Тұрманжанов) [10]

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан azamat00418

    Ответ:

    Менің туған өлкем

    «Өз елін сүймеген адам еш нәрсені де сүйе алмайды» — деген Байронның сөздерімен өз жұмысымды бастағым келіп отыр. Әркімге туған жері, елі қымбат. Менің ойымша, адам баласы үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ. Себебі, бұл мен түгілі аялаған анамыз, қолпаштаған әкеміз, туған – туыс, жора – жолдастың кіндігінен қан тамған туып өскен жеріміз. Қасиетті осы жерде білім нәрін сусындаған мектебім, балалық шағым өтіп жатқан ауылым бар. Егер менен сен не үшін туған өлкеңді сүйесің деп сұраса, мен мүдірместен Мұқағали атамыз айтқандай күн мен түнін, қыбырлаған жәндігіне дейін сүйемін дер едім. Өйткені Шығыс Қазақстан облысы табиғаты — ең әдемі, көрікті, сан қилы орманға толы, жусаны мен жуасы аңқыған, самал желі ескен өлкем. Қыстағы қалың жамылғы қар көрпесі мен жазғы құлпырған шалғын даласын құшағыма алар едім. Менің өлкем мен үшін ең ардақты, Бар жылуын, махаббатын сусындатты. Менің жерім мен үшін қасиетті, Бойыма күш — жігер нәр алдыртты. Мен әлі 6 – сынып оқысам да, алтын ұя мектебімді аяқтап, үлкен өмірге жол ашатын біріңғай ұлттық тестілеу сынынан өтуге қазірден дайындалу үстіндемін. Өйткені өз Отанымды көркейтіп дамыту үшін барлығын жасағым келеді. Атақты Ғабит Мүсірепов пен Сәбит Мұқанов, Мағжан Жұмабаев ағаларымыз сынды ұлдарын жаратқан ұлы мекеннің мерейін ары қарай өсіргім келеді. Мен – болашақ үлкен мамандық иесімін, өмір атты керуеннің бір жолаушысымын. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір — керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын.

    Объяснение:

    1. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан Аккаунт удален
      спссиюоооооо
    2. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан hahahahhaha92
      Спасибо!!!!
    3. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан hahahahhaha92
      ЛУЧШИЙ
    4. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан mariamkamaliden
      правильно????
    5. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан hahahahhaha92
      Да вроде
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.