Размещено 3 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от ninjagenius097
Ақсу – Жабағылы қорығы алуан түрлі реликтілі өсімдікке бай. Мұнда жеміс-жидек, Альпі шалғыны, дәрілік өсімдіктер т.б. өседі. Қорықтың символы — грейс қызғалдағы. Қызғалдақ, сарғалдақтар алғаш Ақсу-Жабағылыда өсірілген. Қорықтың таулы бөлігі — мәңгілік мұздықтар. Ондағы түпсіз, көгілдір, мұздай тау көлдері айнадай шағылысады. Тік жартастардан сарқырамалар ағады. Қорық аң-құсқа бай. Онда таутеке, елік, марал, қар барысы, аю, борсық, мензбир суыры, ондатр т.б. аңдар мекендейді; Гималай ұлары, кекілік, бүркіт, қарақұтан, бозторғай, сарыторғай, шымшық т.б. құстар; сарыбауыр кесіртке, жылан, құрбақалар мекендейді. Қорықтың ландшафтысы ерекше. Онда шөлейттер де, ылғалды жазықтар да, аршалы ну ормандар да бар.