profile
Размещено 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от gulnaz1115a

абай ұлы тұлға эссе​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан moldirgulzada875

    Ответ:

    Абай – мыңжылдықтарды құшағына сыйғызған, заманалар сырын толғаған, адам болмысының құпиясы мен тұңғиық тереңін нәзіктікпен сөйлеткен, рухани жетілудің жолдарын көсемдікпен көрсеткен келешектің кемел жаратылған Ұлы Даланың өрен тұлғасы. Хакім Абай қағидаты, ұстанымы – мемлекет өркен­деуі мен қоғамды ізгілендірудің, елді сәулелендірудің кепілі.

    Тегінде, «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» дейтін өлеңінде:

    Білімдіден аяман сөздің майын,

    Алты өлеңмен білдірдім әннің жайын!

    Ездің басы қаңғырсын, ердің көңілі

    Жаңғырсын деп ойладым айтқан сайын.

    Көкірегінде оты бар ойлы адамға

    Бұл сөзімнің суреті болар дайын – деп, белсенді суреткерлік іс-әрекет қызметін, жалынды ұйымдастырушылық қабілетін, ақыл-ойдың қопарылысына, рух жанартауына ие екендігін, ақындық лебізінің ішкі поэзиялық мазмұнға, танымдық-этикалық, көркемдік-фило­софиялық құндылықтарға мейлінше бай екендігін мәлімдейді. Я болмаса: «Тәуекел мен батыр ой, Өткір тілді найза етіп» деуінде («Қуаты оттай бұрқырап») поэтиканың негізгі шарттарын атайды. Олар: шешімпаздық, айрықша психологиялық-философиялық мазмұн, өте-мөте сұрыпталған, қажетті, таңдамалы, «жалын мен оттан жаралған сөз».

    Жаратушылық энергиясы, дарынды­лық, шығармашылық деңгейі, білімі, тәжірибесі, ойлау жүйесі жоғары Абайдың ой толғау, сөз саптау мәдениетіне зерделі зейінмен үңілсек, ол абызша, билерше, данышпанша пайымдап толғанады, жігітше жалындайды («Жігіт сөзі»), қызша сызылады («Қыз сөзі»), тақпақтап, жұмбақтап, мысалдап, сықақтап, намысқа қызып сөйлейді. Адамгершілік қарым-қатынас ғылымына да жетік. Қазақ жаңа жазба әдебиетінің көшбасшысы, жаңаша көзқарас, жаңаша таным иесі ұлт руханияты тарихында қазақ әдеби тілінің классикалық тазалығын туындатты. Ол поэзия тілінде, ғылым тілінде, ауыз-екі сөйлеу тілінде дарабоздығын танытты. Абай шығармашылығында халықтық, лирикалық-философиялық, реалистік, халықтық, шығыстық, аңыздық, романтикалық, сатиралық, ауыз-екі сөйлеу стильдері бар. Задында, стильдің сан алуандығы Абайдың индивидуальдық көркемдік-философиялық интуициясын, интеллектуалдық-психологиялық әлеуетін, заманның, тарихтың рухын, танымның сезімдік формаларын (түйсік, елестету, қабылдау, түсінік, ес), мәдениетін, шеберлігін, көркемдік әдісін танытады.

    Өркениет тарихында Абай құбылысы – философиясымен, гуманистік көзқа­расымен, көркемдік шеберлігімен, стилис­тикалық мәнерлігімен, форма­лық жаңалықтарымен, ғылыми дүниетаны­мымен өзгешеленеді.

    Объяснение:

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.