profile
Размещено 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от dimaoksanov

Эссе қызыл кітап 90-100 сөз​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан frosters00

    Ответ:

    Ұлы ақын Қадыр Мырза Әли атамыз "Қызыл кітап - тірі жан тимесін деп, хайуанатқа берілген қызыл мандат", - деп жаырлап кеткендей, Қызыл кітап - Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. Алғаш рет 1978 жылы жануарларға арналған, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.

    «Қызыл кітапты» ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше ғылыми - зерттеу институттарының ғалымдары ұзақ еңбек етіп, ғылыми – практикалық конференциялар ұйымдастырды. Қызыл кітапқа енетін әрбір түрге ғылыми түрде сипаттама беріліп, талқыға салынды.

    Қызыл кітапқа белгілі бір түрде енгізу үшін ғалымдар әр жануардың немесе өсімдіктің бес санатын анықтаған:

    I санат – жойылып бара жатқандар.

    II санат – саны азайып бара жатқандар, жақын арада жойылып кетуі мүмкін.

    III санат – сирек түрлер, қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер.

    IV санат – белгісіздер, толық зертелмеген түрлер.

    V санат – қалпына келгендер, қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер.

    Объяснение:

  2. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан queenwolf347

    Ответ:

    Қызыл кітап — халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды

    Объяснение:

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.