Размещено 4 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от Imangali28
Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Таза бұлақ Ыбырай Алтынсарин Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақтың суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты: - Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол,- деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты: - Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, сен де мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді. Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап: - Жоқ , бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді. Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» -деп сұрады. Жігіт айтты: - Бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді.Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта дегені ме деймін,- деді