Ответ:
Амур өзені Қытай, Ресей мен Моңғолия аймағын алып жатыр. Ұзындығы – 2824 шақырым. Алабының ауданы - 1855 км². Өзен жаздық, күзгі муссондық және жазғы-күзгі жаңбырлар негізінде толығады. Ең төменгі деңгейі қыс аяғында байқалады. Мұзы көкек — мамыр айларында ериді.
Миссисипи – Солтүстік Америкадаға ең ірі өзендердің бірі. Ұзындығы 3766 шақырымды құрайды. Ал Миссури сағасымен қос есептегенде, 6420 шақырым болады. Атлант мұхиты алабының басты өзені − Миссисипи материктегі ең суы мол өзен болып табылады. «Миссисипи» атауы үндіс тілінде « су атасы » дегенді білдіреді. Өзен жауын − шашын әртүрлі түсетін аймақтар арқылы ағып өтетіндіктен, жыл бойы деңгейі өзгеріп отырады.
Конго өзені өзінің бастауын Ньяса мен Танганьика көлдерінің аралығындағы биіктігі 1600 метрлік таулы үстірттен алады. Конго экваторды 2 рет кесіп өтетін өзен. Ұзындығы – 4700 шақырым. Африкада ұзындығы жөнінен екінші орында, әлемдегі суы жөнінен Амазонка өзенінен кейін екінші орынды алады.
Парана – Оңтүстік Америка материгіндегі ұзындығы жөнінен Амазонкадан кейінгі екінші өзен. Парагвай, Бразилия мен Аргентина елдерінің шекара бөлігінде орналасқан. Ұзындығы - 4880 шақырым. Бастауын Бразилия таулы үстіртінен ағып шығатын Риу-Гранди және Паранаиба өзендерінен алады. Сол жағынан Игуасу, Уругвай, оң жағынан Парагвай салалары қосылады. Парана мол сулы өзендер қатарына жатады, олардың Амазонкадан басты айырмашылығы — су деңгейі маусымға байланысты өзгереді. Парана жаңбыр суымен толығып, жылына екі рет тасиды (қаңтар — мамырда және маусым — шілдеде).
Обь – Батыс Сібірдегі (Ресей) өзен. Су жиналатын алабының ауданы - 2990 мың км2. Негізгі салаларына Том, Шұлым, Кет, Тым, Вах (оң); Васюган, Үлкен Юган, Ертіс, Есіл, Тобыл, Солтүстік Сосьва (сол) өзендері кіреді. Өзеннің ұзындығын Ертіспен қоса есептегенде 5414 шақырым.
Хуанхэ Қытай жерінің ана сипатындағы өзені болып саналады. Оны ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ежелгі мәдениеттің бастапқы ошақтарының бірі десек те, қате болмас. Көлемі жағынан Аспан асты елінде екінші, ал ұлтанына құмның түзілуі жөнінен әлем бойынша бірінші орында тұр. Өзеннің ұзындығы шамамен 5464 шақырымдай. Ондағы құмның жиналу мөлшері жылына 1,6 миллиард тоннаға жуық. Оны дәл осы сипаты үшін Хуанхэ деп атаған. Қытай тілінен аударғанда «Сары өзен» деген мағынаны береді. Басын Тибет шыңдарынан алып, Ұлы Қытай жазығы бойымен жылжып келіп, Сары теңізге құяды.
Енисей өзені Ресей мен Моңғолия жерін алып жатыр. Су жиналатын алабының ауданы 2580 мың км². Жалпы ұзындығы 5539 шақырымды құрайды. Енисейдің алабы, негізінен, таулы, көп жерін тайга, көп жылдық тоң алып жатыр
Егер сен Янцзыдан болмасаң, онда ешқайда болмағансың», - деген қытайлардың мәтелі бар. Янцзы өзені — Азия өзендерінің аса зоры және дүние жүзіндегі ең ірі өзендердің бірі. Оның ұзындығы – 6418 шақырым, бассейнінің ауданы – 1726 мың шақырым, орташа су шығыны 22 000 м3/с – қа тең. Янцзы Тибет тау қыратынан басталып, мұздықтардан шығатын көптеген салалардан құралады.
Амазонка – Оңтүстік Америка құрлығында орналасқан әлемдегі ең ірі өзендердің бірі. Алабының ауданы - 7,2 млн. м², ұзындығы 6516 шақырымнан (Укаяли бастауынан есептегенде) асады. Ол батпақтанған жазықпен, ылғалды экваторлы ормандардың арасымен ағады. Амазонның салалары бір-бірінен тек мөлшерімен мен сулылығы жөнінен ғана емес, суларының түсімен де ерекшеленеді. Өзеннің гидрологиялық тәртібі өте күрделі әрі ерекше келеді. Алаптары екі жарты шарда орналасқандықтан, жылдың түрлі мезгілдерінде жауын-шашынның аз не көп жаууына байланысты әр түрлі тасқындар болып тұрады.
Ніл өзені – Жер шарындағы ең ұзын өзен. Ұзындығы Кагера саласымен қосып есептегенде – 6671 км-ге тең. Шығыс Африка таулы үстіртінен басталатын Кагера өзені Нілдің бастауы болып табылады. Ніл өзені Виктория және тағы да басқа көлдер арқылы ағып өтеді. Бірнеше салаларды қосып алып, жазыққа шыққан кезде Ақ Ніл деп аталады. Хартум қаласы маңында Көк Ніл өзенімен қосылып, Ніл деген ат алады. Ніл өзені дүние жүзіндегі ең үлкен шөл – Сахара шөлін кесіп ағып өтеді.
Сколько здесь прямоугольников
Какое управление было в древнейшем риме? как звали первого и последнего из царей рима?
Уроки французского ответе на вопрос : расскажите о герое по следующему примерному плану: 1.почему мальчик оказался в райцентре ? 2.как он чувствовал себя на новом месте? 3.почему он не убежал в деревню? 4.какие отношения сложились у него с товарищами? 5.почему он ввязался в игру за деньги? 6.как характеризуют его отношения с учительницей ? ответе на эти вопросы пожалуйста ! сочините сочинение пожалуйста
Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили
Переделай союзное предложение в предложение с бессоюзной связью. 1. океан с гулом ходил за стеной чёрными горами, и вьюга крепко свистала в отяжелевших снастях, а пароход весь дрожал. 2. множество темноватых тучек, с неясно обрисованными краями, расползались по бледно-голубому небу, а довольно крепкий ветер мчался сухой непрерывной струёй, не разгоняя зноя 3. поезд ушёл быстро, и его огни скоро исчезли, а через минуту уже не было слышно шума
помогите прошу!перепиши предложения, расставляя недостающие знаки препинания. объясни, что соединяет союз и. если в предложении один союз и, то во втором выпадающем списке отметь «прочерк».пример:«я шёл пешком и,/поражённый прелестью природы/, часто останавливался».союз и соединяет однородные члены.ночь уже ложилась на горы (1) и туман сырой (2) и холодный начал бродить по ущельям.союз и соединяет:1) части сложного предложенияоднородные члены,2) однородные членычасти сложного предложения—.поэт — трубач зовущий войско в битву (1) и прежде всех идущий в битву сам (ю. янонис).союз и соединяет:1) части сложного предложенияоднородные члены,2)
Вокруг прямого проводника с током (смотри рисунок) существует магнитное поле. определи направление линий этого магнитного поля в точках a и b.обрати внимание, что точки a и b находятся с разных сторон от проводника (точка a — снизу, а точка b — сверху). рисунок ниже выбери и отметь правильный ответ среди предложенных.1. в точке a — «от нас», в точке b — «к нам» 2. в точке a — «к нам», в точке b — «от нас» 3. в обеих точках «от нас»4. в обеих точках «к нам»контрольная работа по физике.прошу,не наугад важно