Размещено 4 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от sejlhannurhan79
Егер әлемнің озық сән түрлерін сарапқа салатын болсақ, қазақ сән өнері өзіндік ұлттық ерекшелігімен көзге түсері даусыз. Бұны аталмыш сән апталығына қатысқан отандық сәнгерлердің киім үлгілерінен де байқауға болады. Апталықты 2014 жылдың күзі мен қыс мезгіліне арналған киім топтамасымен Аида Кауменованың сән үйі ашты. Шығыс халықтарына тән стильдегі көйлектердің бет-бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Жібек көйлектер, шілтерлі кеудешелер – бәрі әйел болмысына ерекше нәзіктік пен еркіндік сыйлайтындай әсер қалдырды. Ал Камилла Курбани есімді жас сәнгердің топтамасы көгілдір және күлгін түсті жұқа жібек матадан жасалған өзіндік ою-өрнектері бар көйлектерімен көзге түсті. Қара түсті көйлектер мен кеудешелерден құралған Айнұр Тұрысбектің топтамасына жеңіл шифон мен жібек маталар өзіндік әсемдік беріп тұр. Айгүл Қасымова адамның ажарын ашатын, денеге қонымды да қолайлы киім тігуді мақсат еткен екен. Айталық, оның қара түсті көйлектері алтын түсті өрнектермен көмкеріліп, сәндірек көрінді. Табиғат төсінде еркін ғұмыр кешкен ата-бабаларымыз күні кешеге дейін өзінің әдет-ғұрпымен, дүниетанымымен сабақтасқан төл киімдерін киіп келген. Сән әлемінде соңғы жылдары ұлттық нақыштағы киімдерге қызығушылық арта түскенін айта кету керек.