Размещено 3 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от Kggjz
Ашық райлы сөйлемдердің қай шақта тұрғанын ажыратыңдар.
1955 жылдың 12 ақпанында ғарыш айлағын Қазақстанда тұрғызу туралы шешім қабылданды. 1957 жылдан бері «Байқоңыр» әлемдегі тұңғыш әрі көлемді айлақ болып келеді. 1957 жылдың 4 қазанында орбитаға алғашқы жасанды Жер серігі ұшырылғандығы туралы газеттерге жарияланды. Бірақ ол үш айдан кейін Жер атмосферасында жанып кетті. Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі – Лайка деген ит. Бірақ бұл сапар да сәтсіз аяқталды. Мұнан соң 1960 жылдың 20 тамызында Белка мен Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан соң Стрелка дүниеге дені сау алты күшік алып келді. Осы бір сәтті сапардан кейін маман- дарда нық сенім пайда болып, ғарышты бағындыруға кірісіп кетті.