Размещено 4 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от rikoplay97
Мәтінді оқып, негізгі, қосымша, детальді ақпаратты анықтаңыздар. Қазақтың тұңғыш волейболшысы Жәнібек Нығметұлы Сауранбаев - Волейболдан эле кубогының иегері, Еуропа және КСРО чемпионы, Еуропа чемпиондары кубогының екі мәрте иегері. 1963 жылы Одақтың жастар құрамасы катарына қабылданып, келесі жылы ерлер командасына шақырылды. КСРО құрамасы сапында көптеген жарыстарда олжаға кенелді. 1965 жылы Түркияда Еуропа чемпионы атанса,1966 жылы Польшада әлем кубогын иеленді. Жәнібек бес жыл бойы КСРО құрамасының дәнекері болды. Және де аталмыш мемлекеттің бас командасына қабылданған Қазақстанның тұңғыш волейболшысы. 1968 жылы КСРО құрамасынан кеткеннен кейін барлық күш-жігерін «Буревестниктің өсіп-өрлеуі үшін жұмсады. Сол маусымды Сауранбаев командасы екінші орынмен қорытындылады. Ал 1969 жылы Одақ чемпионы атанып, одан кейін қатарынан екі рет Еуропа чемпионы кубогын Олжалады. 1933 жылдан бастап Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі болған. Байланыстар саны: 3 Негізгі ақпарат 1965 жылы Туркияда Еуропа чемпионы атанды. Қосымша ақпарат Волейболдан әлем кубогының иегері. Детальді ақпарат Ерлер командасына шақырылды.