Размещено 4 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от murzintihon2
Абайдың бойына әкесінің батылдығы мен қызуқандылығы, жігерлілігі мен алғырлығы дарыған. Алайда болашақ ақынның балалық шағы, негізінен, қос ананың - әже мен шешенің бауырында, тәрбиесінде өсті. Сүйікті немересінің Ибраһим деген атына тілі келмей, оны «ойлы болсын, андағыш болсын, абайлағыш болсын» деген тілекпен Абай атандырған да сол аяулы кәрі әжесі еді. Абай өңі қара торы, екі көзі тостағандай үлкен әрі өткір, кең маң- дайлы бала болды. Мінезі жағынан ширақ, аса ұғымтал, бір көргені мен естігенін ұмытпайтын, зерделілігімен айрықша көзге түсетін. МӘуезов