profile
Размещено 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от imanaliaizhan

танакөз поэмасы туралы эссе ​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан k6925004

    Ответ:

    Қазақтың тілі мен ділі, ұлттық рух жолында аянбай қызмет еткен қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов ұлтжандылықтың тамаша үлгісін, ұлы болмыстың өнегесін іс жүзінде дәлелдеген ақын. Ол 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. Ақын 1969 жылы Шымкент пединститутын бітірді. Мұхтар Шаханов 1961-1965 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, 1965-1970 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің оңтүстік облыстарындағы тілшісі болып қызмет атқарды. Болашақ ақынның алғашқы өлеңі «Сырдария» (1959) деп аталады. 1966 жылы Мұхтар Шахановтың тұңғыш өлеңдер жинағы «Бақыт» деген атпен жарық көрді. 1970-1971 жылдары ақын  Шымкент облыстық комсомол комитетінде сектор меңгерушісі, 1971-1976 жылдары ҚР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитеттің аға, бас редакторы, ал 1976-1979 жылдары  ҚР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы қызметін атқарды. 1974 жылы Мұхтар Шахановтың «Қырандар төбеге қонбайды», 1979 жылы «Ғашықтық» атты жинақтары жарыққа шықты. Ақын 1984-1993 жылдары «Жалын» альманағының бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1986 жылдан бастап) қызметтерін атқарды. Осы жылдары ақынның «Махаббатты қорғау» (1982) және «Ғасырларды безбендеу» (1988) атты өлеңдер, балладалар мен поэмалар жинақтары басылды.

    Мұхтар Шаханов өлеңдерінің әрбір жолы жігеріңді жанып, рухыңды асқақтатады. Ақынның өлеңдерінде күрескерлік сарынмен бірге, адамзат өмірінің ағысын білдіретін, табиғаттың даму заңдылықтарын бейнелейтін, ойшыл өлеңдері бар. Ақын өмірдің басты тұтқасы – адам, адамға жақсылық жасауы деп түсінеді. Сол себепті «елімнің ағасындай» жақсылар жарық дүниеге ізгілік үшін келуі тиіс деп түсінеді. Шындықты, ақиқатты тануға шақыратын ақынның «Танакөз» поэмасы шынайы достық, адал махаббат, қайырымдылықты дәріптесе, «Сейхундария» Сырдария туралы көне аңыздардың желісіне құрылған, «Нарынқұм трагедиясы» күрескер ақын Махамбеттің ерлікке толы өміріне арналған. Оның өлеңдерінде адам сезімі жалаң суреттелмейді, қоғамдық-әлеуметтік мәселелермен қосақтаса, қабаттаса бейнеленеді. Бұған дәлел ­– «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі» атты поэмасы Отырар тағдырын суреттейді.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.