Размещено 4 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от matvejhorov796
Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған. Қазақ халқы күнделікті тұрмысқа қажет заттарды қолдан жасаған. Оларды талғаммен әшекейлеген. Қазақтар киіз басып, сырмақ жасау, кесте тігу, алтын-күмістен әшекей жасау технологиясын керемет меңгерген. Қазақ жерінде өмір сүрген массагеттер барлық затты әшекейлеген. Ол туралы Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Соғысқа қажет құралдары, оқтары мен айбалталары мыстан жасалған. Баскиім, сәукеле, белдік, әшекейлері алтын-күмістен, асыл тастардан жасалған. Сондай-ақ атәбзелдері, құрал-сайманы мыстан жасалған, ер-тұрманы алтынмен әшекейленген», - деп жазады. Қазақта ою-өрнек кең тараған. Қазақтың ою-өрнегі халықтың ойы ұшқыр, талғамы биік болғанын көрсетеді. Ғимараттарды, жиһаз, ағаштан жасалған ыдыстарды ою-өрнекпен әшекейлеген. Ою-өрнек - Ұлы дала өркениетінің бір түрі. 2. Мәтіндегі негізгі мәселені анықтаңыз.3. Мәтіннен ұлттық қолөнер туралы 2 тірек сөзді жазыңыз__________________________ _____________________________________________________________________________