profile
Размещено 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от seidakmetnurbol8

«Қазақ тілі» пәнінен ІV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология
Ғылыми фантастика. Пунктуация
І нұсқа
Оқылым

Тапсырма
Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбы мен сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіріңіз. [5]
А мәтіні
Ғылымдағы секілді, фантастиканың да өзінің мәңгілік тақырыптары бар. Және олар уақыт пен кеңістікке саяхат, жасанды интеллект, жерден тыс әлемдегі өркениет, тіршіліктің басқаша формалары сияқты жұмбақ жайттарды қамтиды. Ең бастысы, өткенге немесе болашаққа қатысты әлдебір әлемнің, белгілі бір сәттің бейнесін кейіптей отырып, фантастжазушылар оқырман қиялының көкжиегін мейлінше кеңейтеді. Фантастикалық шығармалардың міндеті мұнымен ғана шектелмейді. Яғни бұл жанр әлдебір ғылыми жаңалықтың адамның өмірі мен қоғамның дамуына тигізер әсерін көркемдік тұрғыда ұғынуға көмектеседі. Мәселен, қай кезде де ғылыми жаңалықтар бірыңғай жақсылық алып келе бермейді. Кейбір озық ойлардың теріс мақсатта пайдаланылып кететін де кезі жеткілікті. Осы ретте фантастикалық туындылар ғалымдарды ғылым адамына жүктелер бүкіл адамзат пен болашақ алдындағы жауапкершілік жөнінде ойлануға мәжбүрлейтіндігімен де құнды.

Ә мәтіні

Қымбатты отандастар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршамыз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше. Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді. Тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында Қазақстан майдан даласына орасан зор көмек көрсетті. Соғыс жылдары елімізге жүздеген зауыттар мен фабрикалар көшірілді. Майданға мыңдаған вагон киім-кешек пен азық-түлік жіберілді. Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз. Барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
А мәтіні Ә мәтіні
Көтерілген мәселені 1-2 сөйлеммен жазыңыз

Мәтіннің стилін анықтаңыз

Қандай ерекше сөз қолданыстары бар? Мысалдар келтіріңіз

Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, жанры және стильдік ерекшеліктеріне сай жазба жұмысын жазыңыз (эссе) Жазба жұмысында оқшау сөздерді қолданып, астын сызып көрсетіңіз. ( 100-120 сөз)
[10]
1) Бауыржан Момышұлының соғыстағы ерлігі мен әскери педагогикаға қосқан үлесі туралы не білесіз? Неліктен оны «әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат» дейміз? Батыр тұлға туралы алған білімдеріңізді тиянақтай отырып, «Бауыржанның ерлігі мен даналығы» тақырыбында жазба жұмысын жазыңыз.
2) Ғылыми-фантастикалық шығармаларды ұнатасыз ба? Ғылыми фантастика жанрындағы шығармаларға сұраныс деңгейі қандай деңгейде деп ойлайсыз? Осы мәселені көтеріп «Ғылыми фантастикадағы көптеген идеяның шындық өмірде жүзеге асу себебі неде деп ойлайсыз? " тақырыбында жазба жұмысын жазыңыз.

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан Whichthe

    Ответ:

    Воот ответ....................

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.