Размещено 4 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от yashagovorushkin2010
Көлсай көлдері» ұлттық саябағы Алматы облысында орналасқан. Саябақ 2007 жылы ұйымдастырылған. Аумағы - 161,04 мың гектар, шығыстан батысқа қарай 98 шакырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 23 шақырымға созылған аумағының 22%-ын орман алкаптары құрайды. Саябақты ұйымдастырудың негізгі мақсаты - Алматы облысының биік таулы алқабы мен Көлсай көлінің табиғи байлықтарын сақтап қалу және қорғау.
Саябақ аумағында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 710-ға жуык түрі өседі. Оның 12 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» кіреді.
Саябақ жануарларға бай. Бауырымен жорғалаушылардан: әр түсті жылан, калқантұмсық жылан, т.б. кездеседі. Құстардың 200-ге жуық түрі саябақ аумағында ұя салып, балапан өргізеді. Олардың ішінде сирек кездесетін түрлері - көк құс, құмай, орақтұмсық, ұлар, т.б. Сүтқоректілердің 30-ға жуық түрі мекендейді. Сирек кездесетін түрлері - барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, аркар, сілеусін. Саябактың туризмді дамытудағы маңызы зор.
1. «Көлсай көлдері» ұлттық саябағы нешінші жылы ұйымдастырылған?