Размещено 3 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от kalievaislamia
Мәтінді оқы. Жаңа сөздерді тауып, жасалу жолдарын түсіндір. Балалар, киім кию мәдениетіндегі қандай мезгілдік өзгеріс- терді білесіңдер? Сәндік өзгерістер, әрине, ұзақ сақталмайды, өйткені адам ба- ласы әр уақытта жаңалыққа, түрленуге ұмтылады. Сән стилінің алмасу процесі жүріп жатыр. Сөз жоқ, үш- төрт жылдан кейін ол өз шыңына шығады және сол шында бес жылдай үстемдігін ұстайды. Одан кейін бір сәннің орнына ке- лесі сән алмасып келіп отырады. Сәнді киім стилінің алмасу процесі он жыл уақытқа созылады. Бұл циклдер әр ғасырда күн- тізбелік онжылдықтармен сәйкес келеді, сондықтан «20-жыл- дардың сәні», «50-жылдардың сәні» т.б. деп айтады. Жаңа сән үлгілерін халыққа жеткізіп таратушы - актерлер, музыканттар, танымал сәнқұмарлар. Тәуелсіз Қазақстанның сән өнерін бағындырған дизайнерлер Құралай Нұрқаділова, Аида Кауменова, Оксана Корби, Балнұр Асанова және т.б. (Сән колледжіне арналған оқулықтан }