Размещено 3 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от ibraevaaruzan887
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ Елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел!» - деген ой айтты. «Мәңгілік Ел» ата-бабамыздың сан мындаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идеясы бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы», - деп атап өтті Елбасы. «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру аясында қоғамдық-гуманитарлық циклды пәндердің (қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті, Қазақстан тарихы) оқу бағдарламаларының базалық мазмұнына Мемлекет басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсанда сөйлеген «Тәуелсіздік толғауы» мәтіні енгізілді. Пәндерді оқыту окушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін және патриоттық сезімдерін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде жүзеге асыруға деген ұмтылысын, азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыруға, ұлттық өзіндік сана мен төзімділікті дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және жастардың терроризм мен экстремизм идеологиясын саналы түрде қабылдамау, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайында қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыруға бағытталған. Әлемдік тәжірибені саралай отырып, оқыту мен тәрбиелеуді заман талабына сай жаңашылдықпен ұйымдастыру бүгінгі жаһандану заманында басты мәселе болып отырғаны белгілі. Оқушылардың функдионалдық сауаттылығын арттырудың негізгі бағыттары білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту мен педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру, оқушы өміріндегі отбасының рөлін ескеруді қамтиды. Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырумен де байланысты. Негізгі мақсат - оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып отыр. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену процесінде ең маңызды болып табылады. 1-тапсырма Мәттіннің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін дәлелде 2-тапсырма мәтіннен орфографиялық нормаға сай сөздерді теріп жазып, принциптерін анықтап жаз 3-тапсырма «Мәңгілік Елдің мәңгілік құндылықтар» тақырыбында өз ойыңды 3-4 сөйлеммен қорытындыла кимде бар срочно нужна помощь