profile
Размещено 3 года назад по предмету Қазақ тiлi от gulzats84

Бесікке салу,шілдехана,балаға ат қою,тұсаукесер рәсімдері ақпарат жинақтап, достарыңа хат жазыңдар.​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан vkarnauhova721

    Ответ:

    9.4 млн пользователей, получивших помощь

    Хат.

    Сәлем,досым.Қалың қалай?Сабағың ше?Менде бәрі жақсы.Сен қашан ауылға келесің?Мен және Ақтөс сені қатты сағындық.Жазғы демалыста келесің деген ойдамыз.

    Маған жазған хатыңда қазақ халқының бесікке салу,шілдехана,ат қою,тұсаукесер деген салт-дәстүрлері туралы мәлімет жазып жіберуді сұрапсың.Мен де көп білмейтін болғандықтан,атамнан көмек сұрадым.

    Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады.Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды,сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді.Осыдан кейін бесік аласталынып,бала бесікке бөленеді және дәстүрге қатынасқан әйелдер қауымына кәде беріледі.Үлкендер бата беріп,бесік жыры айтылады екен.

    Шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап,“күзету” ю деген сенімге саяды.Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды.Бұл ғұрыптың түпкі мәні - бала мен ананы тіл-көзден сақтау,жын-шайтандардан қорғау.Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен.Әсіресе,жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”.Кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған.

    Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады.Міне,осы салтты "балаға ат қою" деп атаған.Кейбірі заманына сай,ел арасында кең таралған,заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының,ұлы тұлғалардың есімін,кейбірі ежелгі есімдерді қоятыны белгілі.

    Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады.Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан.Сол жіппен баланың аяғын тұсап,оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек,жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді.Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді,шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді.

    Досым,атам екеуміз саған көмектесе алдық деген ойдамын.Ендеше сау бол!Хат жазып тұр.

    1. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан tuzakmeiirim
      коооп кой Рахмет!
    2. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан oralbaevadinara48
      ертең апай дұрыс десе көп көп рахмет димін
    3. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан valkarna923
      Ого спс
    4. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан valkarna923
      Ого спс
    5. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан kosilkovdenis
      коп коп рахмет маган бес койды рахмет
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.