profile
Размещено 3 года назад по предмету Қазақ тiлi от denditwink636

Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]

1-мәтін
«№136 ЖББОМ» КММ 8-cынып оқушысы К.М.Ақанованың
«Жалпы адамзаттық құндылықтар – рухани дамудың қайнар көзі» мақаласына
АННОТАЦИЯ

Мақалада автор жалпы адамзаттық құндылықтар ұғымына жан-жақты түсініктеме бере отырып, оның адам бойында қалыптасуына талдау жасайды. Автор «құндылық» түсінігінің тарихына тоқталып, түрлі авторлардың көзқарастарынан мысалдар келтіреді. «Құндылық» түсінігінің педагогика саласындағы рөліне тоқталады және адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырады. Автордың мақсаты – күрделі әрі аумалы-төкпелі заманда құндылықтар жүйесінің адам өміріндегі маңызды категория екендігіне оқырманның көзін жеткізу. Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән. Болмыс құбылыстарының құндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де, өмірінің мәні де болмайды. Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру – рухани азғындықтан шығудың ең басты жолы. Осы орайда бүгінгі таңдағы мектептерде жүргізілетін тәрбиенің өзіндің басты мақсаты да осында айқындалып, бағыты белгіленуі қажет.

2-мәтін
ШЕТЕЛДЕРДЕ ОҚЫП ЖҮР ТАЛАЙ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ...
Соңғы жылдары түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында мыңдаған шәкірт шетел асып, «инемен құдық қазыпты». Ал мұның сыртында әртүрлі шетелдік гранттармен өзге елге қанат қаққан жастарымыз қанша? Санын дөп басып айту қиын. Олардың қаншасы елге оралып, жемісті еңбек етіп жүр? Сол жастарымыз өзге елден нендей тың жаңалық, нендей тың серпіліс әкеліп жатыр?
Ең алдымен, «Жастарды шетелде оқыту кемерінен асып бара жатқан жоқ па?» деген сұраққа жауап тауып алған жөн. Алысқа бармай-ақ, іргедегі 1,5 миллиард халқы бар Қытайға назар салайықшы. «Айдаһар елі» шетелге бала жіберуге айлалы көзбен қарайды. Жылына оқу мақсатында бірнеше мың адамды ғана шекара асырып, 2-6 айлық, әрі кетсе, бір жылдық білім беру курстарына аттандырады. Олардың денін мемлекеттік қызметкерлер құрайды. Бұл – бір. Екіншіден, 120 миллионнан астам халқы бар Жапония мемлекет тарапынан жылына 15-ақ азаматты шетелде оқытуға рұқсат береді екен.
Ал Қазақстанда мемлекет тарапынан жыл сайын 3000 студентті 87 мамандық бойынша дүниежүзіндегі 32 елге аттандыруда. Бұл «шетелге бала оқытпау керек» деген ойды білдірмесе керек. Осы жағдайларды ескеріп, тек шетелде бала оқытудың санын емес, сапасын арттырып, кемерінен асып бара жатқан мәселенің тізгінін бір тартып қою керектігін аңғартады.
Әрине, келешектің көкжиегін кеңіту үшін жастарымыздың дамыған елдерді көруі, сол жақтан дәріс алып, елінің кемесін алға сүйреуі қажет-ақ. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, осы бағытта «Болашақ» бағдарламасы жастарды өзі таңдаған озық оқу орнына орналастыру, оны оқуын бітіргенше қадағалау, сосын елге қайтқан соң жұмыспен қамту сынды жұмыстарды дөңгелетіп жатқаны рас.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.