profile
Размещено 3 года назад по предмету Қазақ тiлi от sabinazanajdar80

3-тапсырма. Өздерін окыган кітаптар, керген фильмдерін бойынша ата аналарыннын, туыстарыннын арасында берік байланыс орнатудагы жауапкершілік туралы эссе жазындар. Тапсырманы уйде доптерде орындандар. ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУСТОООООО​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан alserusluga26

    Ответ:

    «Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп», «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда әр туысың болсын», «Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейді». Бұл дана сөздерді атам қазақ айтып кеткен. Кешегісін ойлап, болашағын болжап отыратын бабаларымыз ұрпағына осындай аталы сөз қалдырған. Ағайынның татулығын ұлағат еткен. Бауырлардың бір-біріне бауырмал болуын баса айтқан. Туыстық байланыстың маңыздылығы мен парқын жете түсіндірген. Тіпті «Туғаныңмен сыйыспасаң, кең дүниеге сыймассың» деп те ескертеді. Бірақ оны бүгінгі буын елеп-ескеріп жатыр ма?

    Қазақ халқы қай кезде де туыспен етене жақын болып, алауыздықтан алшақ болуға үндейтін. Бала кезімізде бір туған бауырлар түгілі көрші-қолаң да бір-біріне жәрдемдесіп, көмек қолын созуға ­дайын тұратын. Асарлатқанда алдына жан салмайтын. Той-томалақ, өлім-жітімнің бәрі көпшілікпен, ауылдастардың, ағайындардың арқасында өз дәрежесінде бітіп атқарылып жататын. Ағайын болып өмір сүру, бауыр-қарындастың қамын ойлау, туыстың жайына жанашырлық сезіммен қарау салты ұмытылып, рия­сыз көңілден жасалатын көмектің де қатары сирегені байқалады. Адамның азғандығы ма, қоғамның тозғандығы ма, әйтеуір, бүгінгі заманда кісіліктің қасиеті жоғалып, мейір азайып, бір-біріне деген пейілі тарылғандай. Есесіне бір-біріне деген іштарлық та, қызғаныш та үдеп бара жатқандай. Бір өкініштісі сол, бұл жағымсыз көріністер бір туған ағайындылар арасында да кездесіп қалып жатады. Бауыры түгіл оның отбасын далада қалдырмау үшін өз қамқорлығына алып, асырап-сақтайтын қазақ отбасының ер азаматтары бүгінде безбүйрек болып бара жатқан жоқ па? Өмірде ағайын адамдардың бір-бірімен тіл табыса алмай, осылайша бір-бірін мәңгі көрместей болып, ат-құйрығын үзісіп кетіп жатқан мысалдар аз ба? Мұның себебі неде? Мұншалық қатыгездік қайдан келді? Өкінішке орай, ағайынды адамдардың арасында бір-біріне жәрдемдесіп, көмек қолын созудың орнына «пайда тек өзіме ғана болса» деген теріс пиғыл орныға бастады. Ондай ниеттегілер бас пайдасы үшін өз ағайынын жарға да жығуға даяр тұрады. Мұның барлығы туыс-туғанның жоғына қарайласпай, өз қамын ғана күйттеуден туындайтын жағымсыз қасиет екені белгілі

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.