profile
Размещено 3 года назад по предмету Қазақ тiлi от zalinaakhmetshina

Ғаламтордың пайдасы мен зияны Ғаламтор - қазіргі қоғамның ажырамас бөлігіне айналған дүние. Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ол - сөзсіз. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат мен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады. Мазалап жүрген сауалдарының жауабын табады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеспек. Бұл жағынан интернет адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Ғаламторда шек жоқ. Алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де емін-еркін байланыс ұстайсың, сөйлесесіз, хабарласасың. Тіпті, адамдардың қолы жетпейтін жерге осы ғаламтордың қолы тиіп тұр. Көрісе алмаған адамыңмен ғаламтор арқылы байланыс орнатасың. Ғашығын да ғаламтордан тауып жатқандар қаншама. Ғаламдық желі, сөзсіз, адамның білімін жетілдіруге көмектесетін құрал. Соның арқасында шет тілін үйреніп, түрлі курстар мен тренингтерге қатысуға болады. Одан бөлек, ғаламтор - нағыз табыс көзіне айналып отырған сала. Онымен табыс тауып отырғандар да аз емес. Өкінішке орай, жоғарыда айтылған ғаламтордың артықшылықтарына қарамастан, оның зиян жақтары да көп болып шықты. Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқандай. Жылы шырай танытып, шүлдірлеп сөйлесуден, жанды, табиғи қатынастан қалып барамыз. Ғаламтордың келесі зиянды тұсы - адамның денсаулығы. Компьютер алдында ұзақ отырған адамның денсаулығы да нашарлай түседі. Өйткені ол қозғалыстан қалып, оның соңы бел, арқа, көз ауруларына әкелуі мүмкін. Одан бөлек, қазіргі таңда ғаламторда алаяқтар да көбейді. Олардан сақтанудың да қамын жасаған абзал. Не істеуге болады? Жалпы компьютердің алдына артық отырып алмай, ғаламторды ретімен пайдаланса, өзіне қажетті деген сайттар мен ресурстарға кіріп, керегін ала алса, онда ғаламтор түк те зияны жоқ. Тек тәуелді, масыл болып қалудан қашқан жөн.



  Сұрақтар 1.      Мәтін не туралы? 2.      Ғаламтор пайдалы ма, зиян ба? ​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан alsuabduhamidova
    Ответ:Ммәтін ғаламтор туралы.2.Ғаламтордың пайдасыда зияны да бар Объяснение:1.ғаламторлан іздеген нәрсемізді немесе сурагымызды таба аламыз 2.ғаламторды біз телефон арқылы көреміз бірақ телефон бізге зиян
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.