profile
Размещено 2 года назад по предмету Қазақ тiлi от asettolegen541

Қазіргі театр көрермен көңілінен шығып жүр ме? эссе​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан karinaarupova418

    Көрерменнің көңілі қайда жүр?

    2014 жылғы 21 қараша 21:34

    АСТАНА. ҚазАқпарат - Колизейге келген халыққа нан мен ойын керек... Осынау ұғым қанатты сөзге айналғалы қашан?! Бірақ бүгінгі көрерменге наннан гөрі, рухани ләззат алатын дүниелер керек секілді. Осы әңгімені біраз жерден естідік. Көрермен көңілінде жүрген тақырыпты немесе шығарманы дөп басу қиын. Қателессең, көрерменнен айырыласың... Театр үшін ең қатал үкім осы шығар! Бірде облыстық бір театрға барып спектакль көрдік. Залға он адам жиналса болды, қойылымды бас­тап кетуге болады екен. Бұл да өте қынжылтатын, жүректі ауыртатын картина. Сондықтан көрерменсіз театрды көзге елестету әсте мүмкін емес. Осы тұрғыда, көрермен турасында аз-кем әңгіме өткізген едік.

    Сәрсен ӘЖІКЕНҚЫЗЫ,

    Қазақтың Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театры директорының көрермендер ісі жөніндегі орынбасары

    Әр шығарманың айтары

    Былтыр көрермендер арасында Қай жанрдағы қойылымдарды көргіңіз келеді? деген сауалнама жүргіздік. Сонда респонденттердің басым бөлігі комедияны таңдады. Екінші орынды лирикалық драма алды. Одан кейін барып драма, трагедия аталынды. Біз түрлі мекемелерге афиша таратамыз. Сонда олар көбіне тарихи туындыларға билет алады. Фоэде тұратын Тілек журналына көрермендер өз ойын, алған әсерін жазады. Сонда біршама адамның аты елге мәлім Лидия Кәден секілді актрисалардың ойынын көргісі келетінін байқадық. Қызыл орамалды шынарым қойылымы тоғыз айда отыз тоғыз рет сахналаныпты. Соны жібермей көрген көрерменімізді сахнаға шығарып, елге таныстырып, сыйлыққа бір жылға тегін билет бердік. Фатимаға көбіне зиялы қауым өкілдері келеді. Күшік күйеу, Келіндер көтерілісі, Жұбайлар-ай, жұбайлар!, Сүйе білсең секілді комедияларға сұраныс өте көп. Зал әр кез толы отырады. Яғни бұдан байқайтынымыз - әр шығарманың өз аудиториясы бар.

    Мені бір қуантатын жайт, жылдан жылға көрерменнің театрға деген ынта-ықыласы өсіп келеді. Мәселен, біздің кезімізде Мәскеуде премьера болады деген күні түнгі сағат төртте жұрт кезекке тұратын-ды. Алғашқы қойылымға билет алу - біз үшін үлкен мақтаныш-тұғын. Сонда: Қазақ театры сондай деңгейге қашан жетеді? деп ойлайтынмын. Қазір Құдайға шүкір, халықтың театр өнеріне деген көзқарасы өзгерді. Қазір кассадан келіп билет алу үрдісі жақсы дамып келеді. Театрымыздың сыйымдылығы 475 орын десек, жақында бір спектакльге 250 адам кассадан билет алды. Бұл - біз үшін үлкен жетістік. Бұрынғы жылдардың көрсеткіші алпыстан аспайтын. Қазір біз де интернет арқылы онлайн-билет сатуға кірістік. Бұл да көрермен қызығушылығын оятатын заман талабына сай дамып жатқан дүниелер. Басында бұл қалай болар екен деп ойлап едік, жоқ, өте тиімді нәрсе екен. 

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.