profile
Размещено 2 года назад по предмету Қазақ тiлi от lolita888l

Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы (жүйесі) өзгеріп, білім берудің мазмұны жаңарды. Жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Болашақта өркениеті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін ол – білім.
Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімді адамдар керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан!» - деген ұлы ақын Абай атамыздың сөзі – осыған дәлел.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. Тағы бағалау жүйесі де өзгешелеу, критериалды бағалау. Критериалды бағалау баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуға ықыласын туғызады. Біз үш тілді үйреніп жатырмыз. Олар: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі. Қазақ тілін барлық қазақстандықтар білуі тиіс. Біз ағылшын тілін де білуіміз қажет, себебі ол – ғылым тілі. Орыс тілін де білуіміз керек, басқа халықтар арасында бір-бірімізді осы тіл арқылы түсінісе аламыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын қарпіне көшу жолдары іске асырылуда. Өйткені қазіргі дамыған мемлекеттер қазақтың сөздерін емін-еркін осы латын қарпінде оқып, біздің құнды салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді тағы да басқа құндылықтарымызды дәріптеу керек. Сонда біз алдыңғы қатарлы елдің бірі боламыз деп ойлаймын.
«Рухани жаңғыру» — біздің болашағымыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген қадамдар іске асырылуда. Елбасымыздың салған ұлы бастамасы еліміздің көркеюіне, дамыған елдің қатарына қосылуға, биік шыңдарды бағындыруға жетелейді.
Рухани жаңғыру – адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі.
Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы – «Рухани жаңғыру» дәлел.




Мәтіннен мына сөздерді сәйкес мағыналарын табыңыз.
Кіруге - ______________________________________________________[1]
Келешекте - _____________________________________________________[1]
Қажет - __________________________________________________[1]
Кісілер - ______________________________________________________[1]
Бағалы - _____________________________________________________[1]

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.