Размещено 2 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от tanapopova831
2-тапсырма. Мәтінді тыңдап, такырыбы мен көтерілген мәселенi кестеге жазыңыз.
1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. Алайда оның өзіндік қиындықтары болды,
себебі онда қазақ тілінің ерекшелiктерi ескерiлмеген. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы
ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері сақталып жасалған, араб графикасына негізделген
«төте жазу» пайдаланылған. Дегенмен ол да мәселе туғызды, себебі араб әріптері сөз басында,
ортасында және соңында әртүрлі таңбаланады. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына
негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері карай кирилл графикасы әліпбиін
колданып келеді. Кирилл жазуы Қазақстанның бүкіл жерінде және Монголиянын Баян-Өлгей
аймағында, көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін мекендеген казак
жұрты пайдаланады. Сондай-ақ Түркия, Германия, АҚШ, т.б. батыс елдерінде казак диаспорасы
қалыпты емес әртүрлі латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы
негiзiнен накты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан,
Әзірбайжан КСРО тарағаннан кейін ауысты. Сол елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан
1928 жылға дейін араб әліпбиін қолданған. 1928-1940 жылдар аралығында жазулары латын әліпбиі
негiзiнде болған. 1940-1992 жж. кириллица колданылып, 1993 жылы өзбек тiлi айта латын тіліне
көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді.
3-тапсырма. Мәтін бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.