profile
Размещено 2 года назад по предмету Қазақ тiлi от nurjigitkyrykbay

қазақстан ұсынған бейбітшілік пен қауіпсіздік тұрғысындағы бастамалар әлем назарын өзіне аударғаны белгілі. Жаһандық мәселелерді шешуде қазақстанның орны қандай ? өз ойынызды дәлелдеп аргументативті эссе Жазыңыз (150-200 сөз)​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан inzhumarzhan2

    Қазақстанның және оның басшы­сы­ның жаһандық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойын­ша көтерген, сондай-ақ іске асырылған бас­тамалары аз емес. Бүгін­де олар әлемдік қоғамдастық пен ха­лық­­аралық ұйымдар тарапынан жоға­ры бағаланып, үлкен қолдауға ие бо­лып отыр. Бұл мәселелерде, ең алдымен, өткен ғасырдағы тоқсаныншы жыл­дардың басы көз алдымызға келеді. Сол 1991 жылы Қазақстан әлеуеті бойын­ша әлемде төртінші орында тұрған ядро­лық қарудан өз еркімен бас тартты. Бұ­рын-соңды тарихта болмаған мұндай іс-әрекет тың және батыл қадам деп та­нылды. Сондай-ақ бұл өзге елдерді айт­пағанда, ядролық қаруы бар мүйізі қа­рағайдай мемлекеттердің өзін қайран қалдырды. Бұл еліміздің бейбіт­сүйгіш саясатын паш етіп қана қоймай, сол кездегі ядролық арсеналы бар ірі елдер – АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Францияның ядролық сынақтарға мораторий жариялауына себеп болды.

    Жалпыға ортақ осындай игі істер кейін де жалғасын тапты. Мысалы, Президенттің бастамашы болуымен 2006 жылы Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол қойылды. Осы аймақтағы мемлекеттерге БҰҰ шеңберінде ірі ядролық державалар тарапынан күш қолданбау кепілдіктері берілді. Ал БҰҰ-ның 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялағанын Қазақстанның ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі маңызды рөлінің мойындалуы деп бағалаған жөн.

    Қазақстан бастамаларына, сондай-ақ 2015 жылғы желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдағанын қосар едік. Осы орайда Мемлекет басшысының «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде ай­қын­далған үш қағидат пен бес нақ­ты бағыттың біріншісі – ядролық қару­мен қатар, жаппай қырып-жоятын қарудың басқа да түрлеріне, оның ішінде БҰҰ-да жаппай қырып-жоятын қаруды жасау және оны жетілдіруге арналған ғылыми жаңалықтарды есепке алу реестрі арқылы тыйым салуды ұсынды. Бұл мәселе Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметінің жеті басымдықтарының қатарына кіреді.

    Семей сынақ полигонының жабылу­ы­на 25 жыл толуы

    1. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан nurjigitkyrykbay
      рахмет
    2. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан serzanajana
      рахмет алла разы болсын бауырым
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.