profile
Размещено 2 года назад по предмету Қазақ тiлi от diana99999999

буын жылысуы мен буын ығысуы дегеніміз не? қандай мысалдар жатады? срочноо​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан voronleon542
    Тіліміздегі фонетикаға қатысты зерттеу еңбектері мен оқулықтардың буынға тиісті тарауларында буындардың алмасуы, буындардың жылысуы немесе буындардың кірігуі туралы тоқталып өтеді де, оның басты себебі ретінде жалаң ашық буын мен тұйық буынның түбірге жалғану үдерісінде екені атап өтіледі. Бірақ неліктен осы екі түрлі буын жалғанғанда буын алмасу құбылысы байқалатыны нақты көрсетілмей келеді. - ...Қазақ буындары сөз өзгерген сайын өзгеріп,жылжып отырады: Бір деген бітеу буын. Бұған –ақ деген жалғау қосса, бір-ақ күйінде қалмайды, буын қалпы өзгеріп, бі-рақ қалпына көшеді. Осы сияқты әрбір түбір сөздің соңғы буыны тұйық я бітеу болса, оған жалғанатын жалғау дауысты болып басталса, буын қалпын өзгертіп жібереді,- дейді проф.Қ.Жұбанов (1). Бұл үдерісті ғалым буындардың жылысу заңы дейді. Ал екі дауыстының қатар келген кездегі біреуінің түсіп қалуын (бара алмады// ба-рал-ма-ды) буындардың кірігуі дейді. Өткен ғасырдың 30-жылдары айтылған осы қағида әлі күнге дейін маңыздылығын төмендеткен жоқ.
    Кей оқулықтарда бір буынның соңғы дыбысының екінші буынға ауысып, буындардың бастапқы сапасының өзгеруін буынның жылысуы немесе алмасуы(2) делінсе, екіншісінде дауыстыдан біткен буынға дауыстыдан басталған буын жалғанса, алғашқы дауысты түсіп қалады. Бұны буын ығысуы дейміз(3) делінген. Қалай айтылса да, буын алмасуы бар жерде дауысты дыбыстың қатысы бар екені белгілі. Бұл құбылыс сөз ішінде де, сөз арасында да үнемі байқалып отырады.Қалай байқалатынына назар аударайық:
    Сөз ішінде
    Біріккен сөз арасында
    Тіркес сөз арасында
    Ант- ы| ан- ты
    Сарыарқа| Са- рар- қа
    Келе алмады |ке- лал- ма- ды
    Салт - ым |сал- тым
    Қараағаш| Қа- ра- ғаш
    Айта алмады| ай- тал- ма- ды
    Арман- ы| ар- ма- ны
    Қараой| Қа- рой
    Сары алтын| са- рал- тын
    Бұлт- ы| бұл- ты
    Сарыөзек |Са- рө- зек
    Басы ашық| ба- са- шық
    Көріп отырғанымыздай, дауыссыз дыбысқа біткен буынға жалғанған дауысты дыбыс буын алмастыру үдерісін жасағанмен, буын санын өзгертпейді. Ал екі дауысты қатар келген кездегі буын алмасу үдерісінде буын саны қысқарады. Дауыссыз бен дауыстының қатар келуіндегі буын алмасу құбылысы тек сөз ішінде ғана емес, біріккен сөз бен тіркес сөздер арасында да болады.Мысалы: көзайым// кө- за- йым, халықаралық// ха –лы- қа- ра -лық, барар еді //ба-ра- ре -ді, сипат алады//си- па- та- ла- ды. Буын алмасу үдерісін ерекшелеу – буын түрлерін ерекшелеудің басты сипаты. Тіпті буынның анықтамасын беруде басты назарда ұстайтын үдеріс. Өйткені, әлі күнге дейін ешбір зерттеу еңбегі мен оқулықта буынға нақты ереже берілген емес.Бірінде ...фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз (З)десе, бірінде ...сөздерді айтудағы дауыс құйылысының бірнеше толқынмен бөлшектеніп үзіліп-үзіліп айтылуындағы ауаның бір толқынын буын дейді(2) деп келтіреді. Бұндай ережелердің негізіне сүйенсек,буын алмасудың себебін іздеудің қажеті шамалы. Одан әрі буынның түрлері, буынның дауысты дыбысқа тәуелділігі баяндалады.
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.