profile
Размещено 2 года назад по предмету Қазақ тiлi от pp7455212

АЙТЫЛЫМ 10-тапсырма.
Махамбет Өтемісұлы - кім? Оның Баймағамбет сұлтанмен кандай байланысы бар? ​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан aluazaksylyk490

    Ответ:

    Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.

    МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫ

    Басты бет ҰБТ Қазақ әдебиеті XIX ғасыр әдебиеті және сал-серілер поэзиясы Махамбет Өтемісұлы поэзиясы

    КОНСПЕКТ

    Қазақ халқы талай қиын кезеңдерді басынан кешірді. Елін, жерін қорғап, азаттығы үшін ішкі, сыртқы жаулармен жан алысып, жан беріскен сұрапыл айқасқа түсті. Сондай елеулі оқиғаның бірі – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ішкі Бөкей Ордасында Еділ мен Жайық арасындағы атақоныс мекені үшін болған шаруалар көтерілісі еді. Көтерілісті Исатай мен Махамбет басқарды. Шаруалар көтерілісі ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ поэзиясының демократтық бағытын белгілеп, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін айқындады. Көтерілістің жалынды жыршысы Махамбет поэзиясы ереуілге шыққан халықтың құдіретті үнін танытты. Исатай мен Махамбетке «Ереуіл атқа ер салдырған да, егеулі найза қолға алдырған да, беркініп садақ астырған да» – «Қара қазан сары бала қамы», «толарсақтан саз кештіріп» жүрген де қарындас қамы, ел қамы еді. Көтерілістің мақсаты Махамбеттің «Ұлы күн» өлеңінде:

    Желп-желп еткен ала ту,

    Жиырып алар күн қайда?!

    Орама мылтық тарс ұрып,

    Жауға аттанар күн қайда?! –

    деген жолдармен берілген. Халық жазушысы С. Мұқанов Махамбет жырларын. «Ереуіл толғаулары» деп бағалаған.

    Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасындағы Бекетай аймағында, қазіргі Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек ауданында дүниеге келген. Жастайынан Жәңгір ханның ордасында, ханның баласы Зұлқарнайынның қасында өскен Махамбет арабша да, орысша да сауатты болған. Махамбет он ағайынды болған. Ол туралы өзінің «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» деген толғауында:

    Өтемістен туған он едік,

    Онымыз атқа мінгенде,

    Жер қайысқан қол едік, –

    деп жырлаған.

    Исатай – Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі хан жасағын басқарып келген Қарауылқожа Бабажанұлына қарсы 1836 жылы 4 сәуір күні Қиялымола деген жерде болған. Тас-түйін дайындалып келген Жәңгір ханның қарулы күшіне Исатай қолының шамасы келмей, қатарлары сирей бастайды. Сонда Махамбет:

    Ханнан қырық туғанша,

    Қарадан бір-ақ тусайшы,

    Халықтың кегін қусайшы, –

    деп, сарбаздарға жырмен күш-қуат берген. 1837 жылы 2 қарашада Исатай мен Махамбет хан ордасына екінші шабуыл жасаған. 3 мыңдай қолмен жасанып келген қолдан сескенген Жәңгір хан айлаға көшіп, Исатайды алдап арбауына түсіріп, Орынбордан қарулы әскер алғызып, Исатай мен Махамбеттің жасағына күйрете соққы берген. Бұл оқиға Махамбеттің Исатай атынан шығарған «Әй, Махамбет, жолдасым» өлеңінде:

    Әй, Махамбет, жолдасым,

    Аш арыстан жолбарысым.

    Ісімнің білдім оңбасын.

    Қанша айтса да болмадым,

    Сөзіңе құлақ салмадым

    Қисық туған сорлы ағаң,

    Хан сөзіне сенгенім,

    Он күн мұрсат бергенім... –

    деген жолдар арқылы көрініс тапқан.

    Объяснение:

    )))))

    1. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан klkkk69988753
      чо
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.