Размещено 2 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от rjpyt7mfh8
2-тапсырма. Үзіндідегі Абай бейнесіне талдаңыз. Ақын көзқарасының қазіргі өмір шындығымен байланысын жазыңыз. (4-5 сөйлем)
...Бұның өзі жақсы бағып, жақсы ұғып отырғаны үшін сезімтал Әйгерімге сүйсіне қарап қалды да, енді Біржанға бұрылды:
– Өзге-өзгеңді не қылайын, Біржан аға, – деп бастап, қонағына жаңа бір қуаныш жүзімен қарады. – Ел ақтаған бір ақын болушы еді. Тілін безеп, жанын жалдап, тіленшілікпен байды сауып, сөз қадірін сол кетіруші еді. Ән қадірін түсіріп, бір атым насыбайдай арзан етіп еді. Сен әнді босағада өрлетіп, төрге шығардың, соныңа ғана қуанам. Шынында, қазағым, елім дегенде, осы елдің асыл ақын сөзінен, әсем әні сазынан артық қай қазынасы бар еді? «Ол – мен, міне, мен келемі!» дегізіп, еліңді өнеріңе бас игіздің.Осының-ақ қадір-қасиетіңді тануға жетіп тұр!.. – деді.