Размещено 5 лет назад по предмету
Қазақ тiлi
от laurazhumina
Переведите пожалуйста? Әңгіме) - Айт құтты болсын! - Айтсын, жақсылығы бірге болсын! - Жыл он екі айда бір келген жарықтық «айт» қой, бұл күнді көрген де бар шығар, көрмеген де бар шығар... I Сәске түс. Желсіз тынық ыстық. Азғана мал ауылдың қорасында көлеңке сайын топтанып, көбі салған түтінге ықтасында тұр... ызындаған маса, сона, шіркей есінді тандырғандай... Ауылдың адамының бәрі қыбырлап, ерсілі-қарсылы кезіп жүр. Бәрі де киінген. Жүздерінде әлденедей бір куаныштың белгісі бар. Жер ошақ біткеннің көбінде асылған қазан, ақ көбігі бұрқылдап семіз ет қайнап жатыр... Кәрі-құртаң шалдар, кемпірлер екеу-екеу көлеңкеде отыр. -Жарықтық-ай, бұл күнді де жұрттың көретін күні бар екен-ау!.. Ауылдың орта жеріндегі бір үйдің алдында үйме-жүйме болған кісі. Ішінде кәрілеу кемпірлер, бірен-саран шалдау адамдар да бар... Біреуі пышақ қайрап, бір жігіт семіздеу қызыл өгізді ұстап тұр. Шеттен келген адам: - Құрбандық қабыл болсын, - дейді. - Әмин, айтқаның келсін! - дейді шалдар. - Неғып кеш қалып жатырсындар? - Малдың табылғаны-ақ осы болды... шетінен ұстап соятын бұрынғы дәуір қайда... Жұмағазы Зәйкүлмен шетте сөйлесіп тұр... - Сен шалсайшы, мен кәйтейін. - Қой, ойбай, өзің кір, мен ренжімеймін. - Кір, кемпір, Жұмекең рұқсат берген соң, несіне тоқталасың. - Ия, шын айтам. Шала ғой, мен бұрын да шалып жүрмін ғой... құдай қабыл қылса махрұм қылмас... - Қой, мені әуре қылма... - Неге? - Соны қалай шалатынын да, намазын қалай оқитынын да білмеймін.