Размещено 1 год назад по предмету
Қазақ тiлi
от shumashuma94
Астананы көру Гүлзаттың арманы болатын. Ата-анасы жазда Астанаға апаруды жоспарлап та қойған. Міне, жазғы демалыс та басталды. Шілде айының ортасында олар отбасымен бас қалаға жол тартты. Астанаға пойызбен келді.
Жазғы Астана өте әдемі екен. Көшелері түрлі гүлдерге толы. Биік ағаштар жайқалып тұр. Қаланың көшелері таза, кең. Әдемі ғимараттар көп. Қаланың ортасын Есіл өзені бөліп жатыр. Астана үлкен әрі көрікті қала екен.
Гүлзатқа Астана қаласы қатты ұнады. Ол жақсы демалып қайтты.