profile
Размещено 4 месяца назад по предмету Қазақ тiлi от salihakylbek14

Еліміздің ғарыш әлемін бағындыруда жеткен жетістіктері Эссе 100 сөз Пожалуйста

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан asem080610

    Ответ:

    Қазақстан тәуелсіздік ал­ған кезде жер серігі де, ғарышкері де жоқ мемлекет еді. Алайда әлемдегі тұң­ғыш ғарыш айлғы – Байқоңыр біздің елде. Ал 1961 жылдан бері ғарышқа адам ұшы­рып келе жатқан айлақтан қазақ тү­гілі түбі түркінің бірде-бір перзенті ға­рышқа ұшқан жоқ. КСРО ыдырайтын кез­де осы­нау олқылықтың орнын тол­тыру­ға Елбасы Н.Назарбаев мықтап кірісті. Сөйтіп, 1991 жылғы қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшқан болатын. Кейін 1994 жылы Талғат Мұсабаев зеңгір көк­ке самғаса, 2015 жылы Айдын Айым­бетов Жердің төңірегінде ұшып жүрген халық­аралық ғарыш стансасына барып қайтты. Әрине, бұл жерде Талғат Мұса­баевтың ғарышқа үш рет ұшқанын апат өткен жөн. Дегенмен алғашқы екі ғарыш­керіміздің ұлты қазақ болғанымен, дәл Қазақстан атынан ұшқан жоқ. Сондықтан халықаралық құжаттарда Қазақстанның тұңғыш ғарышкері ретінде Айдын Айым­бетов аталады. Алайда Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаевтың ғарышқа ұшуы Қа­зақстанның ғарышты игеру ісінен тыс қалғысы келмегенін көрсетеді. Еліміз 90-жылдардағы әлеуметтік-экономи­калық қиын кездерге қарамастан, ғарыш са­ласын назардан тыс шығарған жоқ. Бай­қоңыр ғарыш айлағын 1994 жылы Ресейге алдымен 50 жылға, кейін 2050 жылға дейін жалға бере отырып, қалай болғанда да бірегей кешенді сақтап қалу­ға ұмтылғаны сөзсіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Байқоңыр – ғарышқа адам­дарды ұшыруға арналған ең үздік ғарыш айлағы саналады. Ең бірінші, экватор бойын­ша барлығы есептелген. Осы жер­ден ең ауыр жүктер ғарышқа ұшырылады. Адам­ның ғарышқа ең жылдам жетуі де осы жерден жүзеге асырылады. Ауқымды зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осы алаң таңдалып алынды» деген еді. Осы­лайша, Елбасы Байқоңырдың маңызы мен оны сақтап қалудың өзектілігін жақсы түсінді.Содан да шығар, тәуел­сіздік алғаннан кейінгі алғашқы жыл­дарда қазақ ғарышкерлерін өзге елдің атынан ұшырудан бас тартпады. Кері­сін­ше, қай елдің атынан ұшса да қазақ аза­матының ғарышқа ұшуын маңызды қадам деп санады. Сөйтіп, Т.Әубәкіровтің КСРО, Т.Мұсабаевтың Ресей атынан ға­рыш­қа ұшуына ықпал етті. Біздің пайым­дауымызша, Елбасы осы қадамдары арқы­лы отандастарымыздың ғарыш саласына суына бастаған көңілін қайта жібітуді көздеген сыңайлы. Әрі көреген саясаткер ретінде ғарыш саласында мол пайда да, ел дамуына септігі тиетін ке­шенді ғылым да жатқанын білді әрі осы бағытта нақты саясат ұстанды. Елба­сының осынау саясатының нәтижесінде Қазақстан 2000 жылдардың басында жер серігін ұшыру мақсатын алға қойды.Сөйтіп, алдымен сәтсіз де болса KazSat-1 жер серігін, одан соң KazSat-2 мен KazSat-3 жер серігін ұшырды. Біз сөз ба­­­­­сын­­да «үш ғарышкер, екі жер серігі» деу ар­қылы жұмыс істеп тұрған қос KazSat-ты тұспалдап едік. Әйтпесе, Жер беті­нен 36 мың шақырым биікте орна­лас­қан осы­нау екі құрылғыдан бөлек те ғарышта KazEОSat-1 және KazEОSat-2, KazSTSat мик­ро жер серігі мен KazSciSat-1 нано жер серігі ұшып жүр. Елімізде ғарышқа жауапты арнайы компания құры­лып, ғарыш­тағы құрылғыларды бас­қаратын орталық іске қосылды.

    Объяснение:

    Керектісін өздерінің теріп жазып алындар

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.