profile
Размещено 4 месяца назад по предмету Қазақ тiлi от piginvalter393

СРОЧНО ПЖПЖПЖПЖ ДАЮ 30 БАЛОВ 4-5. Берілген сұрақтарға тыңдалым мәтіні бойынша жауап беріңіз. А) Біржан мен Сара айтыста кімдерді мақтайды және кемшіліктерін айтады.
В) Айтыста тарихымыздың қай кезеңіндегі қазақтың тұрмысы, ұлттық ерекшелігі сипатталады?​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан arajlymmedet1

    Ответ:

    А)Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті де әлеум. тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарын кезекпе-кезек сараптай отырып, олардың сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз іс-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сонау қияндағы Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал ә дегеннен амандасу рәсімінің өзін бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады.

    В)Біржан мен Сара айтысы – айтыс өлеңдерінің ішінде көлемді, құнды айтыстардың бірі. Бүл айтыс Сәбит Мұқановтың айтуына қарағанда 1862 жылы, ал А.Жұбанов бойынша 1868 жылы болған.

    Айтыстың мәтініне қарасақ, Біржан сал 37 жаста, ал Сара 17 жаста болған екен.

    Адымым күні бүгін қалыбында,

    Екі жыл отыз беске келгеніме (Біржан).

    ...Мінекей он жетіге биыл келдім,

    Сан жүйрік ілескен жоқ самғағанда... (Сара).

    Біржан сал айтысқа дейін әнші, ақын, сал болып, түрлі өнерімен қазақ даласына танымал еді. Сара да өз кезегінде найманның бетке ұстар ақыны болып, көптеген ақындар онымен іздеп келіп айтысқан екен. Дегенмен өкінішке орай, Сараның жазбаша өмірбаяны да, басқа ақындармен айтыстарының текстері де сақталмаған.

    Кейбір деректер бойынша, бұл айтыс болмаған, оны Әріп Тәңірбергенов деген ақын ойдан шығарған. Алайда бұл айтысты зерттеушілердің бәрі де (М.Әуезов, А.Жұбанов, С.Мұқанов, М.Ғабдуллин) шынында болғандығын дәлелдейді. Ал Ә.Тәңірбергенов өзі де ақын, айтысты жырлаушылардың бірі болған. Ол айтысқа азды-кем өзгеріс енгізуі де мүмкін. Айтыс басқа айтыстар сияқты дәл сол уақытында қағазға түспеген. Кейіннен өз редакциялауымен Сара айтып береді. Ал сол нұсқаны жаттап айтып, таратушылардың бірі осы Әріп Тәңірбергенов болады. Кейіннен баспаға ұсынған да осы кісі еді.

    Жалпы «Біржан–Сара айтысының Октябрь революциясына дейін Қазан баспасынан шыққан екі нұсқасы бар. Бірінші нұсқасын баспаға Шайхисламов Жүсіпбек қожа ұсынғандықтан, ол Жүсіпбек қожа нұсқасы делініп жүр. Ал екінші нұсқаның авторы және баспаға ұсынушысы беймәлім болғандықтан, ол шартты түрде Зайсан нұсқасы деп алынды» [1; 192].

    Біржан мен Сара басқа ақындар сияқты амандасудан бастап, ұзақ айтысады. Бұл айтыстың тағы бір ерекшелігі сол – кезеңнің өзекті, келелі мәселелері талданып, терең талқыланады. Негізгі тақырып – әйел теңдігі делінгенімен, мұнда ру тартыстары, басшылардың әділетсіздігі, салт, әдет, жер туралы айтылады.

    Айтыстың негізгі қағидасы – қарсыласын қағыту, сөзден жеңу, осал тұсын табу. Мұнда қарсыластар сөзді қалай қолданса да сын емес. Бұл айтыс өнеріне жарасымды. Біржан да, Сара да бұл әдістерді пайдаланады. Алдымен сескендіріп, өзін асыра мақтап, сонысымен қарасыласын тойтарғысы келеді.

    Алтын менен күмістің нақысындай

    Міні жоқ бізден шығар сөз бедері.

    Ақ иық мұзбалақпын жерге түспес,

    Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес, –

    деген Біржан сөзіне дым мүдірместен өзінің де талай жүйріктермен айтысып, жеңгенін айтады:

    Арыстан, сал Ниязбек іздеп келіп,

    Шошынған жүгірістен танбағанға...

    Жанақ та қобызбенен түк қылған жоқ,

    Оғай ма сендей сорлы бишараға.

    Орынбай іздеп келіп, кеткен қаңғып,

    Жеңген жоқ Кеншімбайың о да аңдып, –

    дейді.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.