profile
Размещено 6 месяцев назад по предмету Қазақ тiлi от aigulkassenova68

90-100 сөз
қазақстанның жеңімпаз спортшылар
ЭССЕ!!! 15 балл!!!​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан hudaiberdi0911

    Ответ:

    Халықаралық дәрежеде кез келген елдің екі жағдайда туы көтеріліп, Әнұраны шырқалады. Оның бірі Мемлекет басшысы өзге елге ресми сапармен барғанда, екіншісі спорттық жарыстарда спортшысы жеңіске жеткенде. Демек, жоғарыдағыдай құрмет тәуелсіз ел екеніңді мойындағанда, сосын мықтылығыңды дәлелдегенде ғана көрсетіледі. Демек, осының екеуі де маңызды.

    Президенттерге көрсетілетін мемлекеттік дәрежедегі сый-құрметтің жөні белгілі, ал спортшылардың ел мерейін асқақтатуы – күллі әлемнің көз алдында өтіп, тікелей танылатын ерекше құбылыс. Қазақ елі спортшыларының 1988 жыл­ға дейін КСРО құрамасы сапында өнер көрсетіп келгені белгілі. Бұл дәуірде тікелей Қазақстан атынан шықпаса да олимпиада ойындарында жүлдегер, чемпион болған қазақ балалары ұлтымыздың атын әлемге танытты деуге болады. Қазақ елі спортшыларының 1988 жыл­ға дейін КСРО құрамасы сапында өнер көрсетіп келгені белгілі. Бұл дәуір­де тікелей Қазақстан атынан шықпаса да олимпиада ойындарында жүлдегер, чем­пион болған қазақ балалары ұлтымыздың атын әлемге танытты деуге бо­­лады. Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиадашы, 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан XVII олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Рим, 1960) Ғұсман Қосанов еді. Ал алғашқы олимпиада чемпионы, кеңестік кезеңде КСРО баскетбол құрамасында ойнап, 1972 жылы Мюнхенде өткен ХХ Жазғы олимпиада ойындарында баскетболдан чемпион болған Әлжан Жармұхаммедов еді. Талантты баскетболшы қазақ 1967 жылы Еуропа чемпионы болса, 1976 жы­лы Монреалда өткен ХХІ жазғы олимпиадада қола жүлдеге қол жеткізіп, өзінің әлемнің күшті спортшыларының бірі екенін дәлелдеді. 1980 жылғы Мәскеуде өткен ХХІІ жазғы олим­пиадаға қатысқан қазақтардан Жақсылық Үшкемпіров пен Шәміл Серіков грек-рим күресінен алтын медаль алып, ел мерейін асқақтатты. Қазақтың бұл қос балуаны сол тұста әлемнің назарын бұрған спортшылар еді. Мәселен, Шәміл Серіков олимпиада алтынын алғанға дейін КСРО чемпионы (1978), әлем чемпионы (1978, 1979), Еуропа чемпионы (1979) болса, олим­пиададан соң Жақсылық Үшкемпіров 1981 жылы әлем чемпионы, 1982 жылы Әлем кубогінің жеңімпазы болды. Сондай-ақ осы олимпиадада бокстан күміс медаль алған Серік Қонақбаевтың даңқы жер жарды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982

    1. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан arafatnurmahametov96
      спасибо
    2. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан aigulkassenova68
      огроменное спасибо
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.