Размещено 5 месяцев назад по предмету
Қазақ тiлi
от tursynovali2010
1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз. 1-мәтін Планетаның табиғаты өте қызық екен. Кеменің үлкен телеэкранынан ойлы-қырлы сарғыш алқап көрінді. Бір ғажабы кілемнің түгіндей ғана шөп тәріздес бірдеңе ескен тақыр дуние. Тек оқта-текте ғана арқан жіп сияқты шубалған ағаштар бой созып шайқалады. Мәриям теледүрбімен жан-жақты түгел шолулап қарап шықты. Көңілсіз де қорқынышты. Алғашында қарайған тас сияқты бірдеңелер қарауытып жатыр еді, кейін олардың бәрі зым- зия болып ұшып кетті. Олардың жаны бар хайуанаттар екені айдан анық. Сезім мүшелері де ерекше дамыған. Томпаңдаған борсық тәрізді. Бұл планетаның қос Күні де біздің жақтың Күніндей кішкентай екен деп ойлады Мәриям. Сол сәтте оның жүрегі дүрсілдеп өзінің үйреншікті жерін сағынды. Планета атмосферасы жөңкіліп жүрген сүлік тәрізді «құстарға» толы. Кәдімгі бір мұхит сияқты дөңбекшіп, шалқып, толқын атып жатқандай. Әредік-әредік жарқылдап от шығады. Бейнебір бұлтсыз күнгі найзағай іспетті, Шындығына келсек, космонавтар мұндай жағдайға душар боламыз деп мүлде ойламаған- ды. Үстеріндегі скафандрларының биотокқа қарсы күресер қорғанышы жоқ, Алып шыққан биомагнит аппаратының қуаты да мына планетада түкке аспай қалды. биологқа келіп тірелді. Экипаж мүшелері Турановтың аузына қарады. Биолог ғалым «Байқоңыр-12» кейін планета табиғатынан көптеген үлгілер жинап зерттеулер жүргізген бол орнынан тұрды да биоанықтауыш электрондық машинадан соңғы информациялард Өңінде сабырлылық, терең ойлылық нышаны сезіледі. Мәриям Турановтың жүзіне қарап отыр. 2-мәтін. Бүгінде көпшілік ортада «қазақтың ғылыми фантастикасы енді ғана аяғынан тұрып келе