profile
Размещено 1 год назад по предмету Қазақ тiлi от ibragimovasakos

көне түркі жазуы- бабалардын тарихы 130-140 сөз

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан adiletkajyrgeldi

    Ответ:

    Түрік бітіг жазуы – бабалар мұрасы

    Биыл әрісі күллі түркінің, берісі қазақтың тарихында алтын әріптермен жазылатын оқиғалардың атаулы күндері аз емес. Білге қаған, Қожа Ахмет Ясауи, Бейбарыс сұлтан қатарлы тұлғалардың мерейтойлы жылы. Сонымен қатар бұдан 130 жыл бұрын көне түркі жазуы ресми түрде оқылды. Сөйтіп, Ұлы дала көшпенділері жазуы бар санаулы қауымның бірі екені әлемге паш етілді. Ұмыт болған өз жазуымызды өзімізбен қайта қауыштырған дат ғалымы Вильгельм Томсен еді. Жалпы, көне түркі жазуын біздің халық қай дәуірде ұмытқаны нақты белгісіз. Кейбір ғалымдар түрік бітіг жазуын Алтын Орданы Өзбек хан би­леген тұста қолданғандар болғанын алға тартады. Шамасы көне жазуды алмас­тыратын өзге әліпбилермен танысқан­дық­тан шығар, түркілер бітіг жазуын тез ұмытқан сыңайлы. Тіпті, әйгілі Шыңғыс хан дәуірінде де түркі тілдес тайпалардың түрлі жазуы болғаны белгілі. Бірақ қалай болғанда да түрік бітігі түркі халықтары­ның төл жазуы еді. Әрі әлемде өзінің төл жазуы бар халық көп емес. Ең қызығы, арада жылдар өткенде өз жазуымызды өзгелер зерттеп, әлемге таныстырды. Жазу – мәдениет жетістігі Жазу – халықтың тілі мен тарихын, танымы мен құндылықтарын, өткені мен бүгінін келер ұрпаққа жеткізетін сөз маржандарын әрлеген тілдік таңбалар жиынтығы, мәдениет жетістігінің биік өлшемі. Адамзат тарихында жазудың пайда болуы мен оның дамуы жолдары ұзақ дәуірлерді қамтыған, бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі процесс. Бұл жазу үлгілерінің кезеңдері фразо­грам­­малар, пиктограммалар, лого­грам­малар, идеограммалар деп аталды. Осылардың қатарында бейнелер немесе белгілер арқылы ақпаратты толық жет­кізетін жазудың ең алғашқы түрін – «фразограмма» деп атаған. Бұл терминді алғаш рет америкалық тарихшы И.Гельб енгізген болатын. 

    1. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан ibragimovasakos
      Дұрыспа? Бұл эссе
    2. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан nuraian573
      8 класс ка болама ?
    3. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан ibragimovasakos
      Білмейм
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 6 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.