profile
Размещено 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от almiramashanlo

Фразеологиялық тіркес дегеніміз не?

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан akmuratova99
    Фразеологизм - семантикалық (ішкі мағыналық) жағынан бір-бірімен байланысқансөз тіркестерімен сөйлемдердің ортақ атауы. Өздеріне формасы жағынан ұқсассинтаксистік құрылымдардан ерекшелігі: сөздердің белгілі бір тұрақталған лексика грамматикалык құрылымдағана айтылатын ойта сәйкес болып, сол сөздің бастапқы жеке мағынасының жалпы заңдылыктарына бағынбауында. «Фразеологизм» термині әртүрлі типтегі бірнеше тіркестерді камтиды. Олар: атауыш қызметінде қолданылатын идиомалар (ізін суытпай, ақ қарга) ауыз әдебиетінде қалыптасқан мақалдар мен мәтелдер және жеке адамдардың авторлық немесе белгісіз әдеби шығармалардан алынған, немесе ауызша айтылған қысқа нұсқалы нақыл сөздер. Фразеологизмнің негізгі және әмбебаб қасиеттері сез мағынасының басқа мазмұнда қабылдануы немесе лексика грамматикалық транспозиция, сөз тіркесіндегі тұрақтылығымен қайталануы. Көпшілігі мақалдар мен мәтелдер және қанатты сөздерге жататын фразеологизмлық сөйлемдер мен тұрақты тіркестердің коммуникативтік қызметі диктум және модус (логикалық бағыт) дегенмазмұндарға белінеді, сонымен бірге семантикалық екі жақтылык арқылы айқындалады.
    1. Ответ на вопрос
      Ответ на вопрос дан BAkdaulet2003
      Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер
  2. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан ernis
    Фразеологиялық тіркес — құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары. Фразеологизмге тән үш ортақ белгі мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы, қолданылу тиянақтылығы айқын болғанымен, бұлар әр фразеологизмде бір-бірінен әрдайым анық ажыратыла бермейді. Кейбір белгілер әсіресе, мағына тұтастығы бірінде анық, айқын көрінсе, екіншісінде көмескі, үшіншісінде мүлде солғындау байқапады. Сондықтан фразеологизмді түр-түрге беліп топтастыру тіл білімінде ең күрделі қиын мәселелердің бірінен саналады. Фразеологизмдерді зерттеушілер В. Виноградовтың дәстүрлі топтастыруын негізге ала отырып, бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың арақатынасына қарай жіктеп бөлсе, кейде құрылым- құрылысы жағынан, атқаратын синтаксистік қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Қалай дегенімен де фразеологизмдерді сыңарларының мағына тұтастығына қарап, Фразеологиялық тутастық, Фразеологиялық бірлік, Фразеологиялық тізбек деп үш топқа бөледі. Фразеологиялық тұтастықта (идиом) фразеологизмді құрастырушы сөздің бір-бірінің лексика-семантикалық мән- мағынасына ешбір қатысы болмай мүлде басқаша мағына береді. Мысалы, мурнынан шаншылу — қолы тимеу; жүрегі тас төбесіне шығу — (қатты қорқу) нағыз идиом мағынасындағы (Фразеологиялық тұтастық) тіркестер. Бұларды басқа тілге сөзбе-сез аударуға келмейді, беліп жаруға болмайды. Идиом терминін қазақ тілінде Фразеологиялық түйдектер (I. Кеңесбаев), фразалық тұтастықтар (К. Аханов, Ә. Болғанбаев) деп атаған.
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.