Размещено 4 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от arina171998
ПЕРЕВЕДИТЕ ПОЖАЛУЙСТА!!! Қазақ халқы - ұлттық ойындарға бай халықтардың бірі.
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты,
шапшаңдықты, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты, күш – қуат молдығын,
білек күшін, дененің құрыштай шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар
әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені ойынға
қатыспай тұрып - ақ, оған күні ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне
тура келеді. Қазақтың ұлттық ойындары тек ойын - сауықтық жағынан ғана маңызды
емес, ол - спорт, ол - өнер, ол – шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие
құралы.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайы, күрес, теңге алу,
қыз қуу, жамбы ату т.б. Олардың спорттық сипатымен бірге үлкен тәрбиелік маңызы
бар. Қазақтың ұлттық ойындарының кейбіреулері «ойлануды қажет ететін ойындарға»
жатады. Мысалы, «тоғыз құмалақ».