profile
Размещено 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от beknarbibasar

турлаулы турлаусыз сойлем мушелери

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан maudarbekova

    Ответ:

    Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері.

    Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: бастауыш пен баяндауыш. Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі, ол нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғаларда есімдіктен, есім сөз таптарынан, ал баяндауыш бастауыштың негізгі қасиеттерін нақтылай келе етістіктен, т.б. сөз таптарынан жасалады.

    Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері - өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүшелер. Тұрлаусыз мүшелерді тіл білімінде үш топқа бөліп қарау қалыптасқан:  

    анықтауыш;

    • толықтауыш;

    • пысықтауыш.

    Анықтауыш: сөздің сынын,қасиетін, белгісін, басқа да сипаттарын білдіреді. Сұрақтары: қай? қандай? қайсы? қайдағы? недегі? қанша? неше? нешінші? не еткен? кімнің? ненің? т.б.

    Көптеген сөз таптары анықтауыш қызметінде жұмсалады: сын есім, сан есім, етістіктің есімше түрі, сілтеу есімдігі, зат есім т.б.  

    Анықтауыш бір сөзден де, сөз тіркестерінен де бола береді:

    - дара анықтауыш

    - күрделі анықтауыш

    - тұрақты тіркестерден болуы мүмкін

    - көмекші сөздері бар тіркестер

    - модаль сөздері бар тіркестер

    - көмекші есімді тіркестер

    - шақты, шамалы, қаралы, жақын т.б. сөздермен тіркескен сан есім

    Синтаксистік байланысына қарай анықтауыштың екі түрі болады:  

    1. Қабыса байланысқан анықтауыш. 2. Матаса байланысқан анықтауыш.

    1. Қабыса байланысатын анықтауыш: сын есім, сан есім, есімдік, есімше.  

    - анықталушы сөздің алдында келеді

    - ешқандай жалғаулары болмайды

    2. Матаса байланысатын анықтауыш: зат есімнен немесе зат есім мағынасында жұмсалатын ілік септігіндегі сөз.

    - анықталушы сөздің алдында келеді

    - ілік септігінің жалғауы бар

    - тәуелдік жалғауы бар сөзбен тіркеседі.

    Мысалы: Зейнептің көздері үлкен, кірпіктері ұзын.- сын есім.  

    Екінші әйел – Ұлжанның жолдасы.- сан есім.  

    Жер астына түскен күнім есімнен қалмайды. – есімше. Мына баланың мінезін байқа.- есімдік.  

    Алтын көзілдірігі үстел үстінде қалды.- зат есім.

    Толықтауыш: баяндауышқа қатынасты болып, қимыл-әрекеттің объектісін білдіреді. Атау септігі мен ілік септігінен басқа септік жалғауларының бірінде болады. Толықтауыш етістіктің алдында келеді. Сұрақтары: кімді? нені? кімдікі? немдікі? кіміңді? неңді? кімін? несін? қаншасын? нешеуін? кімге? неге? кім туралы? не жөнінде? т.б.

    Толықтауыш зат есімнен, сын есімнен, есімдіктен, есімшіден, есімді және көмекші сөздер тіркестерінен, тұрақты тіркестерден бола алады.

    Толықтауыш бір сөзден де, сөз тіркестерінен де бола береді

    - дара толықтауыш

    - күрделі толықтауыш

    - күрделі толықтауыштың соңғы сөзінде барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің жалғауы болуы тиіс

    - толық мағыналы есім сөздері туралы, жайында, жөнінде сияқты септеуліктермен тіркесіп жасалады

    - күрделі атаулардан жасалады

    Мағынасына қарай және грамматикалық тұлғасына қарай екіге бөлінеді:

    1.Тура толықтауыш:

    - сабақты етістіктің алдында келеді

    - табыс септігінде болады

    - жауап беретін сұрақтары: кімді? нені? кімдікі? немдікі? кіміңді? неңді? кімін?  

    несін? қаншасын? нешеуін?

    - табыс септік жалғауы түсіп қалуы мүмкін

    2. Жанама толықтауыш:  

    - салт етістіктің алдында келеді

    - барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде болады

    - жауап беретін сұрақтары: көрсетілген септіктердің сұрақтары және  

    кім туралы? не туралы? кім жөнінде? не жөнінде?

    Мысалы: Атасы баласын шақырды.-зат есім. Оған көмектесу керек. – есімдік.

    Қасқырлар көк шолаққа ауыз салды. –сан есім.  

    Сен туралы айтылды. – шылау тіркескен есім.

    Пысықтауыш: етістіктен болған мүшенің қасиетін жан-жақты анықтайтын, яғни оның жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын көрсетеді. Баяндауыш мүшеден пысықтауыштарға қаратып қашан? қашанға дейін? қайда? қалай? қалай қарай? қайтіп? неліктен? не мақсатпен? қанша? қай жаққа? қай жерде? қай жақтан? қалайша? неше? неге? не себепті? не үшін? т.б. сұрақтары қойылады.

    Пысықтауыш бір сөзден де, сөз тіркестерінен де бола береді

    - негізінен үстеу мен көсемшеден жасалады

    - басқа есімдерден және сөз тіркестерінен де жасалуы мүмкін

    - дара және күрделі болып бөлінеді

    Мағынасына қарай және грамматикалық тұлғасына қарай беске бөлінеді:

    1. Мезгіл пысықтауыш.  

    2. Мекен пысықтауыш.  

    3. Амал (қимыл-сын) пысықтауыш.  

    4. Себеп-салдар пысықтауыш.  

    5. Мақсат пысықтауыш.  

    Мысалы: 1. Түске таман (қашан?) ол да келіп қалды. – мезгіл пысықтауыш  

    2. Ол үйге қарай (қалай қарай?) кетті. – мекен пысықтауыш  

    3. Володя қазақша (қалайша?) сөйледі. – амал пысықтауыш  

    4. Мен сені сағынып (не себепті?) келдім. – себеп пысықтауыш  

    5. Әсем дүкенге кітап алғалы (не мақсатпен?) келді. – мақсат пысықтауыш  

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.