profile
Размещено 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от gulnarabeksult

шыгарма
ан кудырети

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан nursipat1999
    Әннің тыњдаушы жүрегіне толыққанды, кедір-бұдырсыз, егжей-тегжейлі тұтастай түсінікті болып жетуі үшін, әнші ән әуенімен ұқсас оның сөзін де дақпа-дақ, “тайға таңба басқандай” шымыр, анық етіп жеткізуі тиіс. Мұндай міндетті қазіргі әншілердің бәрі бірдей ескере бермейтін тәрізді. 
    Әнші, жыршы-жырау, термеші, актер, концерт жүргізуші, диктор сияқты өнер иелерін даярлайтын оқу орындарында бұл істі жолға қою үшін тіл, жақ, көмей, ерін жаттығуларын жүргізетін сахналық сөз сөйлеу (сценическая речь) сабағы өткізілуі тиіс. Өкінішке орай, бұрынырақта консерваторияда, өнер студиясында осы саладағы өз ісінің маманы, профессор Рәбиға Қаныбаева жетекшілігімен өткізіліп жүрген сабақ, ќаржы үнемдеудің құрбандығына ұшырап, бүгінде ада болған. Ондай сабақтың пайдалы екендігін кезінде тәлім-тәрбие алған біздер көкейімізге мықтап түйген едік. Міне, енді, сол жүйеде өзім үйреніп машықтанған жаттығу тәсілдерін өз бетімен дайындаламын деген талапкерлерге ұсынуды жөн көрдім. 
    1. Тіліңді екі ұртыңа конфет салғандай алма-кезек ауыстырып, жақ еттерін сыртына қарай кере итеру керек. 
    2. Жымиып күлген адамдай үстіңгі тістеріњді ақсита көрсетіп, ерінді ілгері-кейінді қозғап, бұлшық еттердің көмегімен жақ шықшыттарын кере ашып, екі езуді құлаққа қарай қозғау қажет. 
    3. Ерінді ерінге тигізіп, Б, М, П әріптеріне дауысты А, Е, Ө, И, О дыбыстарын қосып айтқанда, еріннің бұлшық еттерін бірде жұмсартып, бірде қатайтып, өз қызметін толығымен атқаратындай, тез икемге келетіндей етіп жаттықтыру керек. 
    4. Астыңғы иекті барынша кең ашып, екі жақты шықшытымен кең ашылатындай етіп, бұлшық еттерін созып, ән айту, сөз сөйлеу кездерінде ауыздың барлық тетіктері жасанды механизмдей ыңғайына тез көніп, тақылдап тұратындай қабілетке жеткізу қажет. 
    Бұл жаттығуларды әнші-өнерпаз өзін-өзі әбден қалыптастырғанша қайталай жасап жүріп, кейіннен жұмыс барысында ол өздігінен іске қосылатындай дәрежеге келтіру керек. 
    Әдетте қазақ “ән салшы, ән айтайықшы” деген ойын “өлең айтшы, өлең айтыңдаршы” деп те білдіре береді. Яғни бұл әннің әуені мен өлеңі оның ажырамас бөліктері немесе қос қанаты екенін дәлелдесе керек. Ал, терме болмаса уақиғалы жыр жанрлары айтылғанда сөздің, яғни өлеңнің құдіреті басым болып келеді де, әуен-мақамы сүйемелдеуші рµлін атқарады. 
    Тыңдаушыларды белгілі бір шығарманы тыңдауға еліттіре ынталандыру – оның мазмұн-мағынасына, ақынның өлең-сөзі зергерлігіне байланысты болып келеді. Әннің ғұмыры ұзақ, тыңдаушылары көп болуы үшін шығарманың мазмұн-мағынасына ќарай, оның әуені мен өлең-сөзі бір-біріне сай, жымдаса келісім табуы тиіс. 
    Қазақтың халық композиторлары әндерінің өміршеңдігі – оның әуені мен өлең-сөзі бір адамның ойынан шығып, көбінесе автордың өзі орындап, шығарманың бар мақсатын кеңінен ойластырып, тыңдаушысына оның жан дүниесін тұшындыратындай етіп жеткізуінде. Және шығарма өмір шындығынан алынып, болған уақиға желісінде айтылатындай тыңдаушылары қызығып, ұзақ уақыт естерінде сақтап, реті келсе ауыздан-ауызға өтіп, бірден-бірге таралып отырған. 
    Көбінесе байырғы халық және халық композиторлары әндеріндегі өлең-сөздерінің аралықтарында кездесе беретін „Мұғаллақ, сана, сала, бөдеүй, дүние-ай, дариға, беу, шіркін, о, дәурен” тәрізді сөздердің ән мазмұнымен ұштасып жататын өзіндік атқарар міндеті, мағынасы, астарлы меңзеуі болады. Әнші ән салған кезде, сондай сөздердің неліктен ән сөзіне кірігіп тұрғанын, әнде оның көтерер жүгі қай жүйеде болуы керек екенін байыппен түсініп алып барып айтуы шарт. Сонда ғана ән өз деңгейінде орындалып, әлгіндей сөздердің тиісті мақсаты өз дегеніне жетіп, тыңдаушысына көзге көрінбейтін, тек құлаққа ғана естіліп, жүрекпен сезілетін айшықты астарлы сырын ашып береді. 
    Ән айту кезінде, кейбір сөздер грамматикалық ілгерінді ықпал, кейінді ықпал зањдылықтарына орай жазылу транскрипциясы өзгертіліп, ауызекі сөйлеу формасына көшіп қатаң дыбыстар ұяң дыбыстармен ауыстырылып, құлаққа жағымды естілердей жұмсартылып айтылады. Мысалы, Айнамкөз – Айнамгөз, Көкаршын – Көгаршын, Ќарақаншық – Ќарағаншық, Ќасыңқара – Ќасыңғара сияқты сөздер ән өлеңдерінде ұшырасатынын және ондай сөздерді жоғарыда айтылған зањдылық шеңберінде қолдану керектігін мұқият есте сақтау қажет. 
    Қазақтың ұлттық терме, ән, жыр айту үлгілерінде кездесетін тағы бір ерекшелік бар. Ол – ән мазмұнымен байланысты сөздер айтылып, кей тұстардағы толғаныс, тебіреністер сөз шеңберіне сыймайтындай күйге ойысқанда, сөзсіз-ақ сезім иірімдерін жеткізетін саз әуені. Мысалы, Ақан серінің “Алтыбасар” әніндегі тауды бұзып, тасты жаратындай, толқыны арнасына сыймай тулаған дариядай лықсыған екпін, дауылдан кейін біртіндеп сабасына түсіп, баяулап барып басылатын көріністі көз алдыңа елестетіп, ән сөзсіз қайырылған сезімдік иірімдермен өрнектеліп келіп аяқталады. Ќазақ әндерінің осындай да қасиеті болатынын әншілік жолды қалаған талапкер мықтап есінде ұстағаны жөн. Жалпы алғанда, ән-сезім дүниесімен шеберлік қазанында қайнап бітісіп келісім тапса, ойға қонымды, жан тебірентердей әсерлі, сұлулық құдіретіне ие болса ғана шынайы өз рµлін атқара алады. 



Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.