Размещено 4 года назад по предмету
Қазақ тiлi
от nurlanbissalie
ҚАЗАҚ Тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі халқының тілі оның негізгі мекені Қазақстан Қазақстаннан сырт
жерлерде де мәселен Өзбекстанда Түркменстанда Қырғызстанда Тәжікстанда Украйнада
сондай-ақ Қалмақ республикасында Қарақалпақ Республикасында Башқұртстанда Алтай
өлкесінде Орынбор Астрахань Омбы Саратов Қорған Самара Түмен Мәскеу
Челябі Екатернбург облыстарында көптеген қазақ тұрады
Шет елдерде де мысалы Монғолияа Қытайда Ауғанстанда Иранда Иракта Түркияда
Тағы басқа елдерде бірсыпыра қазақтар бар
Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі Сонымен бірге Қазақстанда туып- өскен кейбір
халық өкілдері ішінде қазақ тілін ана тілім деп есептейтіндері де бар
Қазақ тілі ұрпақтан ұрпаққа атадан балаға жеткен ұлы мәдени мұра Сондықтан да
қазақ тілі халқымыздың талай-талай ардагер қайраткерінің жыр арқауына айналған
Қазіргі қазақ тілі шаруашылығымыздың бар саласын өркендете түсуге себепші күш
халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал жұртшылықты жаппай
отаншылдық рухта тәрбиелеу қаруы
Қазақстан жерінде тұратын әр адам әрбір азамат еліміздің тарихын мәденетін салт-
дәстүрін әдет-ғұрпын қазақтыңғұлама ақын-жазушыларын қоғам-қайракерлерін біліп
қоймай қазақ тілінде еркін сөйлей білуі керек Іс-қағаздар құжаттар мемлекеттік тілге
көшті
Ал әрбір қазақ ана тілін толық меңгеріп ана тілінде ойлауға әрі әдеби көркем тілмен
сөйлеуі тиіс