Размещено 6 лет назад по предмету
Русский язык
от ulpanamantaeva
перевод текста на русский язык Ғарышкер
Жаны жайсаң жақсы адамдар мен жақын жүргенге не жетсін! Ондайлармен жүздесіп, бірге жүрудің өзі мерейіңді өсіреді, көңіліңді көтереді. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Халық қаhарманы Тоқтар Әубәкіровпен бір сәт жүздесе қалса, кім-кімнің де осындай жақсы ойда болары сөзсіз. Өйткені қазақтың атағын төрткүл дүниеге танытқан Тоқтар Оңғарбайұлының өн бойынан батырлықпен бірге кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, үлкен адамгершілікті аңғару қиын емес. Ол кісінің балаша аңқылдаған ақ жүрегін айтсаңшы. Иә, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы баспасөз бетінде аз жазылған жоқ. Аты аңызға айналған оны бесіктегі баладан бастап, еңкейген кәріге дейін жақсы біледі. Тоқаңның депутат, мемлекет қайраткері ретінде істеген игілікті істері жөнінде көп айтуға болады.