profile
Размещено 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от almam20kz

автобиография дукенбая досжанова на казахском языке​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан 58398492
    Қарымды қаламгер Дүкенбай Досжан өзінің соңғы жылдары жазылған «Жазмыштың жазуы» атты хикаясында өмірбаянына былайша тоқталып кетеді: «Әкем – Сарыұлы Досжан көне Қаратау ішінде 1894 жылы туып, ғасыр басындағы дүрбелеңнің неше атасын басынан кешірген аса қажырлы кісі еді. «Қажырлы» дейтінім – 1932 жылғы қаратабан аштықта ел тамақ іздеп берісі Ташкент, әрісі Ауған жағына ауа көшкенде, бұл кісі екі білегіне сеніп, аң аулап, жер ойып, жүгері егіп, 20 – дай отбасыны бір өзі асырап көшпей қалыпты. Соғыстың алдында, соғыстан кейін Ақүйік өзені бойындағы «Ынтымақ» колхозының төрағасы болған. «Жасыңыз үлкейіп қалды, екі тау арасының мал- жанына ие болыңыз» деп әскерге алмаған, бронмен қалдырған. Мен дүниеге келгенде әкем 48 жаста екен.
    Шешем – Жанұзаққызы, Сарыкеліні Жәмила көне Қаратаудың теріскей бетін жайлаған, Шу бойы, Қарағұр жағының қызы болатын. Жанұзақ елге есімі жайылған әрі ақын, әрі көріпкел, би кісі болыпты. Анам: «Сыр, Қаратау бойы – өз жұртым» деп отырушы еді. «Нағашыларым, төркін жұртым арғынның атығайы» деп айтқаны есімде қалыпты. Ликбезді бітірген, сауаты шамалы, әйтсе де қиын шаруадан бойын тартпайтын қарулы, тілді кісі болатын. әкем – аз сөйлейтін, томаға – тұйық, өз ішіне өзі үңілгіш ойдың адамы болса, шешем – сөзшең, айтқыш, жйын – тойды жылдам басқарып жүре беретін адуын мінез иесі еді. Келе – келе « ел анасы » аталды.
    Жазушы «Лениншіл жас» газетінің бас редакторы Шерхан Мұртазаның алдына келіп жұмыс жайын сұрайды. Сонда газеттің жұмысшы жастар бөліміне әкеп: «Мына жігітке тапсырма беріп көріңдерші!» – деп тапсырма береді. Бөлім меңгерушісі Дүкенбайды «Алматы ГрЭС – 2 салынып жатыр, соған барып хабар жазып кел», – деп жұсайды. Жазушы осы жайды естелігінде былай суреттейді: қалай жол тауып барамын, кіммен сөйлескенім жөн, жазатын нәрсемде қай мәселенің басын ашуым керек, әлгі қара – бір ауыз сөзбен түсіндірмепті; өз басым ежіктеп сұрамаппын. «Мақұл» деп жүре беріппін. Түтіні, шаңы бұрқырап жатқан жылу электр стансасына таң әлетінен шығып, түс ауа әзер жеттім. Жұмысшылары, басшылары кілең орыс. Бір қазақ баласын таппаймын. Өз әлімше салынып жатқан алып құрылысты аралап шықтым.
    «Несін айтасың, Досжановқа «үш сөйлемдік хабар жазып кел» деп тапсырма берсе – сықасқан 10 беттік повесть жазып келіпті». «Сөйлемді сұмдық ұзын, диалогі, сөз саптасы нақа бір тіл безескен билердің аузынан шыққандай!»
    «Оның 10 беттік «хабарын» газет он нөмірге басып тауыса алмас, сірә!…»
    Сонымен менің бір түн, бір күнгі бейнетім бейпіл ауыз журналистердің мысқыл, күлкісіне азық болып, біраз даңғазаға ұласты. Жылдар өте әлгі журналист ағайындар: «Досжановтың хабарының өзі – повестке бергісіз!» – деп аңыз етіп жүруші еді.Алғашқы еңбек жолын облыстық «Жетісу» газетінің ең кішкентай – әдеби қызметкер жұмысынан бастайды. «Жетісу» газетіне 1963 жылдың желтоқсан айының басында келіп, 1966 жылдың тамыз айына дейін істейді.
    Жазушының өмірі жазған кітаптарымен өлшенеді.
    Алғашқы әңгімесі 15 жасында жарық көрген автордың бұл күнде кітаптары әлемнің 20 тілінде аударылып, 3,7 миллион таралыммен басылып шыққан.
    Университетте М.Әуезов, Есмағамбет Ысмайлов, Бейсенбай Кенжебаев, Мәулен Балақаев, Ханғали Сүйіншәлиев, Асқар Тоқпанов, Ісмет Кеңесбаев, Мұхаметжан Қаратаев, Зейнолла Қабдолов секілді ғұлама абыз ағалардың дәрісін тыңдап, тәлім алады. өз сөзімен айтқанда: «Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, Әбілда Тәжібаев ағаларының қолына су құйып, батасын алған».
    Д.Досжан «Отырар», «Фараби», «Жібек жолы» шығармалары арқылы «тарихи тақырыптың пионері» аталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алпыс жылдай жабулы архивіне алғаш енген Дүкенбай Досжан сот құжаттары желісімен «Абақты» (1993) романын жазды.
    Зерттеушілер Д.Досжан шығармашылығын үш салаға бөліп жүр. Бірінші: көне ғасыр қойнауынан ер түрік аруағын көтерген 60 – шы жылдар басындағы тарихи кітаптары.
    Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазушы Д.Досжанды 2000 жылы 16 ақпанда, 2001 жылы 18 сәуірде, 2002 жылы 25 ақпанда, одан кейінгі кезеңде әр жыл сайын жұмыс орайында жазушыны жеке қабылдап келеді.
    Жазушының 60 жылдығына орай «Білім» баспасы 2002 жылы 13 томдық таңдамалы шығармаларын басып шығарды. Он үш томдықтың алғы сөзін зайырлы сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Зейнолла Серіққалиев жазды. Қолжазбаны тұтастай қайта қарау, қалыптау, баспалық аппаратын жасауды жазушы Жарылқасын Нұсқабаев абыроймен атқарып шықты. Бұл басылым облыстық кітапханаларға таратылды.
Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.