profile
Размещено 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от akamalova2009

М Шаханов сұхбаттасу диалог құру​

  1. Ответ на вопрос
    Ответ на вопрос дан soli1981

    Ответ:

    Кезінде М.Шаханов ағамыз осыдан он жыл бұрын “Діни диверсияға тосқауыл қажет” деп депутаттық мінбеден қауіптерін мәлімдеген болатын. Сол кезде де бүгін де мемлекет тарапынан сондай мәлімдемелерге қаншалықты көңіл бөлінгендігін дөп басып айту қиын. Себебі миссионерлік тақырыбы саясат мәселесі. Бұл мемлекеттік қауіпсіздік, ұлттық болмыстың болашағы үшін кеш те болса, уақытында көтерілген мәселе. Сондай-ақ бұл тек қана Шахановтың жеке басының жан-айқайы емес. Мұны мемлекеттілігіміздің ертеңі үшін қағылған дабыл дер едім. Өйткені Қазақстандағы діни ахуал, бұрынғы КСРО-ның ыдырауымен бірге пайда болған өзге де тәуелсіз мемлекеттердегі сияқты өте жанды әрі шапшаң өзгерістерге жол ашты. Дін құбылысының – қоғамдық, мәдени, тарихи, саяси және психологиялық-танымдық болмыс-бітімі мен шарттары қоғамдық тіршілікте көріне бастады. Тәуелсіз ел ретінде бұл мәселені сол кезде-ақ қолға алғанмен қоғамдағы шапшаң өзгерістер, дін құбылысының әкелген шарттары мен тәуелсіздігін жаңа ғана жариялап отырған еліміздің құқықтық, саяси және білім берудің діни принциптері астаса қойған жоқ. Әу бастан-ақ бұл мәселені жіті сезінбесек те, дайындықтың аздығына қарамастан, егемендіктің силаған батылдығының арқасында мемлекеттілігіміздің құқықтық негіздері конституциялық тұғырнамалардан талқыланып, бекітіліп, заң күшіне ене бастады. Кеңестік құндылықтар жүйесінің орнына дәстүрлі, тарихи, мәдени және рухани құндылықтар бой көтере бастады. Бірақ біз бұл құндылықтарды толығымен құқықтық негізде қорғаудың басты принциптері мен идеяларын толық қамти алмадық. Оның бірінші себебі, тәуелсіз елдің конституциясын дайындау үшін уақыттың тығыздығы, яғни, КСРО кезінде “ертең егемен боламыз” деген ойдың үш ұйықтасақ түсімізге кірмеуінен; екіншіден, дайын еместігімізді бүркемелеу үшін өзгелердің дайын тұрған тақырыптық, салалық, құқықтық жүйелерін өз конституциямызға “сырттан” әкеліп қоя салдық. Бұл әрекетіміз жаңа мемлекетіміздің негізгі тұғырлары мен формасын анықтауға жарағанмен, мемлекетке негіз болып отырған мәдениет пен қоғам өкілдеріне зиянын тигізерін ол кезде сезіну былай тұрсын, біле де алмадық. Ең бастысы сезінетін, білетін мемлекеттік бюрократия, кадрлар жоқ еді. Қазір де бұл мәселеде жағдай мәз емес.

    Ал дәстүрлі емес, діни ұйымдар мен миссионерлік әрекеттер өте жүйелі әрі “құқықтық негізде” өзінің тіршілігі мен белсенділігін арттыра бастады. Олар халықаралық құқықты сұқ саусақтарымен көрсетіп, біздің онша “құқықтық мемлекет” емес екендігімізді сын ретінде бетімізге басып, керек десеңіз Қазақстанның мемлекет ретінде жеке қабылдауы тиіс мәселеге (ОБСЕ) Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы атынан елбасымызға дейін “өтінішке толы ескерту” бере бастады (Кристофер Смиттің Нью Джерси. Өкілдер палатасында 2002 ж. 5 февралде “Қазақстандағы діни сенім бостандығы” мәселесі бойынша сөйлеген сөзінен). Сонымен, Христиан миссионерлері, көбінесе АҚШ-тан келгендердің қатарымен толыға түсті, христиан діни бірлестіктері мен орталықтары заңды түрде тіркеліп,арасынан қара көз қазақтар “бой көрсете” бастады. Үй ішінен үй тігілді. Бұрын қазақта үй ішінен үй тігілсе жылы болады деуші еді. Бірақ олай болмай отыр. Қазақтың дәстүрлі отбасы-шаңырағы, діни сенім тұрғысынан жікке бөлініп, жанұя ішінде үлкен әлеуметтік, танымдық проблема туа бастады. Бұл жай ғана отбасы мәселесі емес, отбасы – Қоғамның, Мемлекеттің негізгі тірегі отбасының жікке бөлінуі қоғамның бірлігіне, мәдениеттің тұтастығына, қауіп тудырып отыр. Енді, егер біз қоғамдағы бүгінгі болып жатқан процестің ертеңгі салдарынан үміт етіп, оң нәтиже күтер болсақ, бұл іске бүгін өз бағытымыз бен ұлттық позициямызды нақтылап, болып жатқан процестің ең басты компоненті ретінде енгізуіміз қажет. Ол үшін ең алдымен діни сенім бостандығымен қоса дәстүрлі дінді қорғау және дамытудың құқықтық негіздерін қайта құру қажет. Өйткені, ислам діні – қазақ болмысы мен мәдениетінің негізгі күретамыры және сақтаушысы. Сондықтан, бірінсіз, бірі болмайтын құндылыққа яғни, дініміз бен мемлекеттілігімізде қазақтың мәдениетін дамытудың жолы, оның негізгі тарихи дініне деген арнайы мемлекеттік қамқорлықты қажет етеді. Бұл жерде мемлекет және дін арақатынасын өзіндік ерекшеліктермен нақтылап алған дұрыс. Ол үшін зайырлылық принципін негізге алып, мәдени-тарихи аспектілердің талаптарын ескерген жөн. Бұл қазақ мемлекеттілігін, оның күшін нығайтудың алғышарты.  Күш сынаудың салмағы – жаһанданудың ықпалы мен саяси құбылыстық мәнге ие болып отырған “диалог” және “өркениеттердің қақтығысы” теорияларының отаршылдық ниеттегі саяси системалық арнаның қайта жаңғыруы анық сезіледі. Олардың мақсаты – тек дін тарату емес.

Не тот ответ на вопрос, который вам нужен?
Найди верный ответ
Самые новые вопросы
tegysigalpa2012
Русский язык - 5 лет назад

Помогите решить тест по русскому языку тест по русскому языку «местоимение. разряды местоимений» для 6 класса 1. укажите личное местоимение: 1) некто 2) вас 3) ни с кем 4) собой 2. укажите относительное местоимение: 1) кто-либо 2) некоторый 3) кто 4) нам 3. укажите вопросительное местоимение: 1) кем-нибудь 2) кем 3) себе 4) никакой 4. укажите определительное местоимение: 1) наш 2) который 3) некий 4) каждый 5. укажите возвратное местоимение: 1) свой 2) чей 3) сам 4) себя 6. найдите указательное местоимение: 1) твой 2) какой 3) тот 4) их 7. найдите притяжательное местоимение: 1) самый 2) моего 3) иной 4) ничей 8. укажите неопределённое местоимение: 1) весь 2) какой-нибудь 3) любой 4) этот 9. укажите вопросительное местоимение: 1) сколько 2) кое-что 3) она 4) нами 10. в каком варианте ответа выделенное слово является притяжательным местоимением? 1) увидел их 2) её нет дома 3) её тетрадь 4) их не спросили

Информация

Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.